«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер арасында номинациялар жарияланады

2024 жылғы 07 Маусым
- Алматы қаласы
7312 просмотров

Дереккөз: фото: Асель Адамаки

Ел Президенті бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын Алматы қаласының мыңдаған кәсіпкерлері қолдады. Әрине, бұл - өз қаласына деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға қамқорлық, балаларымыз үшін көрнекі үлгі.

«Әрине, елімізді абаттандыру және көгалдандыру - үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, яғни бүгін шығып, ертең ұмытып кететіндей. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек. Бұл жалпыұлттық міндет. Біз ортақ үйіміз - Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек. Тазалық жоқ елге ешкім қонақ немесе инвестор ретінде келмейді. Ал, ең бастысы - Қазақстанның әрқашан таза және әдемі болуы ең алдымен бізге, ел азаматтарына қажет. Бұл өмір салтына айналуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

«Атамекен» Президенттің бастамасын қолдай отырып, ұйымдар мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың қоршаған ортаны жақсартудағы еңбегін, табиғатты сақтауға, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесін атап өтуге ниет білдіріп, келесі номинациялар жариялайды:

«Эко-Амбассадор»:

  • Білім беру қызметі: жұртшылықтың экологиялық хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен іс-шараларына қатысуды бағалау;
  • Қоғамдық бастамаларға қатысу: аумақтарды тазарту, еріктілер бағдарламалары және т. б. сияқты қоғамдық экологиялық бастамаларға қатысуды бағалау;  
  • Экологиялық инновациялар: экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін қолдануды бағалау;
  •  Әлеуметтік жауапкершілік: жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қоғамдық жобалардағы белсенділікті бағалау;

«Эко-меценат»:

  • Экологияны қолдауға арналған жыл сайынғы шығындардың сомасы: экологиялық жобалар мен бастамаларды қолдауға бағытталған қаражат көлемін бағалау;
  • Білім беру бағдарламаларын қаржылық қолдау: экологиялық хабардарлықты арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен іс-шараларына қаржылық қолдауды бағалау;
  • Табиғи ресурстарды қорғауға қатысу: қорықтар, саябақтар сияқты т. б. табиғи ресурстарды қорғау жобаларына қаржылық қолдауды бағалау; 
  • Экологиялық таза технологияларға инвестициялау: экологиялық таза технологиялар мен инновацияларды әзірлеуге және енгізуге инвестицияларды бағалау;
  • Экологиялық қайырымдылық бағдарламалары: экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық бағдарламаларына қаржылық қолдауды бағалау;

«Эко-кәсіпкер»:

 

  •  Экологиялық жобаларға жыл сайынғы инвестициялардың сомасы: экологиялық таза технологияларды енгізу, экологиялық тұрақты өндірістік процестерді құру сияқты  т. б. экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларға кәсіпкер жыл сайын құятын қаражат сомасын бағалау;
  •  Экологиялық таза өнім шығару: кәсіпкер экологиялық таза тауарлар немесе қызметтер өндірісінде қаншалықты белсенді жұмыс істейтінін бағалау. Бұл экологиялық таза материалдарды пайдалануды, қалдықтар мен шығарындыларды азайтуды, су тұтынуды және энергия шығынын азайтуды және т. б. қамтуы мүмкін;
  •  Инновациялық экологиялық шешімдер: экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін қолдануды бағалау;
  •  Экологиялық жауапкершілік және сертификаттау: экологиялық стандарттарға сәйкестігін және өнімнің экологиялық қауіпсіздігін растайтын сертификаттардың болуын бағалау;
  •  Экологиялық білім беру қызметі: білім беру ісіне белсенді қатысу

Номинацияны иеленуге Алматы қаласының барлық кәсіпкерлік субъектілері өтінім бере алады. Ізденуші ретінде 18 жастан асқан қазақстандықтар, сондай-ақ ҚР-да тіркелген ұйымдар қарастырылады. Өтінімді 16 маусымға дейін сілтеме бойынша қалдыруды сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeyyP_vCRJc70NGaFaljt8G2NK9HvCp39hoy_mdGiyo75O1iw/viewform

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мен салалық кеңестерінің мүшелері қатарындағы Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар әрбір номинация бойынша белгіленетін болады. Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын адам: 8 (727) 331-01-33 адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер