«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мораторий аяқталды, тексеру көбейді: мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді жиі тексере бастады

2024 жылғы 29 Мамыр
6289 просмотров

Дереккөз: Shutterstock

Бүгін Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде мемлекеттік оргадары тарапынан кәсіпкерлік нысандарды тексеру жиілеп кеткені айтылды.  Мораторий аяқталысымен кәсіпкерлерге қатысты бақылау және қадағалау қызметі екі есе өскен.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микро бизнесті тексеруге мораторий жарияланған болатын. Мораторий мерзімі 2023 жылғы желтоқсанда аяқталды.

Сараптамалық топтың талдауы көрсеткендей, бизнесті тексеруге мораторий енгізу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті. Сол кезде скептиктер мораторий енгізу кәсіпкерлердің тәртібін нашарлатады және халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы саласындағы жағдайды едәуір қиындатады деген болжамдар жасаған еді. Бұл болжам расталмады.

Алайда, мораторий аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті бақылайтын мемлекеттік органдардың қызметі күрт өзгерді. 2024 жылғы қаңтар-наурызда жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру саны екі есеге жуық артқан. Ең көп тексеру Алматы және Астана қалалары, Түркістан, Қостанай, Алматы және Қарағанды облыстарында жүргізілген.

Тексерулердің 93%-ына жуығы жоспардан тыс сипатта жүргізілген. Тексерулердің басым бөлігі салық төлемдері, еңбек заңнамасын сақтау, сәулет, қала құрылысы және санитариялық-эпидемиологиялық саматтылыққа қатысты жүргізілген.

Кеңес мүшесі Айгүл Соловьеваның айтуынша, жоспардан тыс тексерулердің кең таралуы шенеуніктер заңға қарамастан жоспарлы тексеру жүргізуге белгіленген шектеуді еңсеріп отырғанын көрсетеді.

2024 жылдың бірінші тоқсанында салық, сәулет, қала құрылысы, медициналық қызметтер және сауда саласындағы бақылау қызметтері тарапынан пррофилактикалық бақылаудың басымдығына заңмен баса назар аудару мүлдем ескерілмеді. Бұл салаларда бақылау қорқыту мен жазалау үшін жүргізілген.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың тексеруді тіркеу үшін негізсіз өтініштерінің саны айтарлықтай өсті. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ғана прокуратура органдары тексерулердің саны артқанын тіркеді. Прокуратура органдары тексерулерді тіркеуден өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,4%-ға артық бас тартқан.

Нәтижесінде бизнесті тексерудің күрт өсуі кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік жауапкершілік санының өсуіне әкелді. 2024 жылдың қаңтар-наурызында 3 миллионға жуық әкімшілік іс жүргізілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41,4%-ға артық көрсеткіш. Құқық бұзушылықтардың ең көп саны сауда, салық салу және халықтың денсаулығын сақтау саласында тіркелген.

Әр тексеру –  кәсіпкерлер үшін негізсіз әкімшілік әуре-сарсаң. Өткен кезеңмен салыстырғанда тоқтатылған әкімшілік істердің саны 2,1 есеге өсті.

«Жыл басында мемлекеттік органдар тарапынан қалыптасқан әкімшілік практика кәсіпкерлікке қатысты жаңа реттеуші саясатты бекіткен заңнаманың мақсаттары мен міндеттерін бұрмалаудың нәтижесі»,   – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Кеңесте бизнестің қызметіне бақылауды шамадан тыс күшейтудің объективті себептері жоқ екені айтылды. Өйткені жылдың басында елдің экономикалық дамуында әкімшілік ықпалды күшейтуді талап ететін жағымсыз тенденциялар болған жоқ.

Кәсіпкерлік қызметті бақылаудың шамадан тыс болуы инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне және мемлекеттік қызметшілердің өкілеттігін асырып падалануының өсуіне алып келді.

Жазалау емес профилактикалық тексеру жүргізу тәсілдерінде қандай да бір өзгерістер болған жоқ. Әр тексеру сайын кәсіпкерлерге әкімшілік айыппұл немесе өзге де жаза қолданумен белгіленді.

 «Мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуде шамадан тыс белсенді болуы объективті себептерге негізделмеген. Оның мақсаты кәсіпкерлерге қатысты өкілеттікті кеңінен пайдалануға саяды», – деп қорытындылады қайырбек Сүлейменов. 

Жиында кеңес мүшелері Экономика министрлігі, Бас прокуратур, Қаржы, Денсаулық сақтау, өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бірқатар ұсыныс айтты:

Атап айтқанда, Экономика министрлігіне:

- профилактикалық бақылау жүргізудң басымдыққа алып, бизнес субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қысқарту жолында мемлекеттік органдардың қызметін реттеу;

- экономиканың дамуына оң әсер еткен мораторийді енгізу салдарын ескере отырып, тексеру жүргізуге мораторий кезеңінде қолданыста болған ШОБ қызметін бақылау және қадағалау режимін тұрақты негізде белгілеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

  Бас прокуратураға тексерулерді тіркеудің өсу себептері, оларды жүргізудің заңдылығы, құқықтық тәртіптің сақталуы және құқық бұзушылықтардың алдын алуға әсер етуінің тиімділігіне талдау жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ профилактикалық бұзушылықтар шараларын күшейту үшін кәсіпкерлерге салынатын жазаның мөлшерлестігіне талдау жүргізу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер