«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң бұзушылыққа жол жоқ

2024 жылғы 26 Сәуір
- Қызылорда облысы
5916 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Сауда, қызмет көрсету және туризм Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптар туралы айтып өтті.

Қала прокуроры өз ретінде қылмыстылықтың алдын-алу жолында барлық кәсіпкерлік нысандарға камера орнатуды ұсынса, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті өкілі террористік амалдардың алдын-алу мақсатында әр ұжымда тоқсанына бір рет оқыту жұмыстары жүргізілуі тиіс екендігін және департамент қызметкерлері бұл ретте бірлесіп дәріс өткізуге даяр екендігін айтты.

Полиция департаменті кафе-барлар, түнгі клубтар және мейрамханаларда құқық бұзушылық пен қылмыс оқиғаларын, төтенше жағдайлардың алдын-алуға қатысты мәселелерді қозғады.

Бұл тұрғыда қоғамдық тамақтану саласының бизнес өкілдері құқық қорғау органдары өкілдеріне өздерін толғандырған көптеген мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Құзырлы орган өкілдері өз ретінде мораторий аяқталғанымен, өздерінің әрқашан кәсіпкерлермен кері байланыс орнатуға дайын екендіктерін, дегенмен кей нысандарда ескертпелерге қарамастан заң бұзушылық фактілері әлі де орын алатындығын айтты.

«Палата әрқашан кәсіпкерлердің құқығын қорғайды, дегенмен барша бизнес өкілдері өз кәсіптерін тек Заң аясында жүргізуі керек. Ал, олай болмаған жағдайда, заң шеңберінде тиісті шара қолданылуы тиіс» деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық.

Палата алаңында үнемі өткізіліп тұратын осындай жиындардың салдарынан кәсіпкерлер мемлекеттік және құзырлы орган өкілдеріне өз көкейлеріндегі проблемалық мәселелерін қоя алады. Бұл өз ретінде олардың жұмысын жеңілдетіп, өңір бизнесінің өркендеуіне зор ықпал етеді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер