«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің сарапшы-бизнесмендері студенттердің стартаптарын қолдады

2024 жылғы 12 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4652 просмотров

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқушылары бес бағыт бойынша өз жобаларын қорғады: экология, IT әзірлемелер, азық-түлік және өнім өндіру, әлеуметтік жобалар, көлік және туризм.

- ЖОО жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуда ШҚО Кәсіпкерлер палатасының сенімді серіктесі болып табылады. Техникалық университеттің бизнес мектебінің білім беру бағдарламасы тек теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар бизнес жүргізудің практикалық дағдыларына да бағытталған, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Әділхан. - Мұндай конкурстар осындай тәжірибе алу үшін ұйымдастырылады. Студенттердің бизнес-жобалары үшін ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің пікірі маңызды.

Сондай-ақ, Әсет Бердіғалиұлы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында осындай жұмысқа белсенді қатысатын, балаларға ұдайы кеңес беретін, жобаларды сүйемелдейтін, жолдама беретін сарапшылардың белгілі бір пулы құрылғанын хабарлады.

- Біз кәсіпкерлерді қатысуға, өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісуге шақырамыз, - деп атап өтті ол. - Түрлі шеберлік сағаттарын өткізуден басқа, өзара іс-қимылдың осындай тетігі де бар. Бұл бағытта өңірдің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерімен жұмыс істейміз.

Әсет Әділхан биыл біздің өңіріміз үшін өте қызықты жобалар болғанын айтты. Мұндай конкурстар, кездесулер студенттерге өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруда қосымша ынталандыру мен мотивация береді.

Айта кету керек, кәсіпкерлер жастардың жобаларын қолдады, өнімді жақсарту, нарық сыйымдылығын бағалау, өндірістің тиімділігі бойынша ұсыныстар мен кеңестер берді.

- Балалар өздерінің инновациялық идеяларымен таң қалдырды, - деп бөлісті сарапшы Алтынай Рамазанова. - Әр түрлі бағыттағы маркетплейстер бойынша жобалар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бағыттағы жобалар есте қалды: қайта өңделген картоннан және шыныдан жасалған бұйымдар, дене мүсінін түзеткіш және құрамында белгілі бір аллергеннің бар-жоғын анықтайтын тамақ өнімдерінің сканері.

"Ecoplast: пластикалық қақпақтарды сыйлық қаптамасына қайта өңдеу" жобасы бойынша сессия барысында "БИОТОП" ЖШС-дан технологияны жетілдіру және өндірістік желіде кәсіби дағдыларды пысықтау үшін балаларға пластикті қайта балқыту бойынша кәсіби жабдықтар беру туралы ұсыныс түсті.

Өз кезегінде студенттер сарапшылардың қызығушылығына риза болды.

- Бұл жобаны кәсіпкерлер алдында таныстыру үлкен жауапкершілік, - деді оқушылар.

Кәсіпкерлер болашағы бар жобаралды атап өтті: мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған киім, салауатты тамақтану асханасы, штрих-кодтарды сканерлейтін бағдарлама, тарих бойынша оқыту ойыны, пластикалық қақпақтарды сыйлық өнімдеріне, картон қораптарды қолөнер өнімдеріне қайта өңдеу, киіз бен ескі жүнді қазақтың ұлттық киіміне қайта өңдеу, ШҚО қалалары арасында қатынайтын көлік кемелері.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер