«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке клиникадағы санитарлық ережелер мен нормалар

2024 жылғы 28 Наурыз
- Ақтөбе облысы
5278 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында жеке клиникаларда қандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтау міндетті екендігі, айыппұлдарды болдырмау және медициналық орталықтың жұмысын Ережеге сәйкес ұйымдастыру туралы айтылды.

Мұнда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті емдеу-профилактикалық ұйымдарға, жеке медициналық кабинеттерге санитариялық ережелерді түсіндіру, бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жоюға байланысты алдағы тексерулер туралы түсіндіру және консультациялар бойынша семинар өткізді.

«Семинардың мақсаты - пациенттер мен медициналық персонал арасында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың тіркелуіне жол бермеу, объектіні қолданыстағы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келтіру», — санэпидбақылау департаментінің бөлім басшысы Гаухар Игликова хабарлады.

Эпидемиологтар медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алудың барлық мәселелерін айтып, санитарлық ережелердің негізгі гигиеналық аспектілерін түсіндірді.

Кәсіпкерлерге өз сұрақтарымен "Атамекен" палатасының кез келген аумақтық бөлімшесіне немесе санитарлық бақылау органына жүгінуге болатындығы туралы хабарланды.

Айта кетейік, кәсіпкерлерге қысым көрсету фактілерінің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі, прокуратура және "Атамекен" палатасы арасында қол қойылған жоспар аясында түрлі салалардағы бизнеспен осындай түсіндіру кездесулері өтуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер