«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлермен ҚҚС-ті әкімшілендіру механизмінің жобасын талқылады

2024 жылғы 14 Наурыз
7904 просмотров

13 наурызда «Атамекен» ҰКП мамандары бизнес-қоғамдастықпен ҚҚС әкімшілендіру саласындағы түйткілді мәселелерді талқылады.

Қаржы министрлігі тарапынан ҚҚС-тің оң балансы болған жағдайда ғана электрондық шот-фактураны жазып беруді қарастыратын жаңа механизм ұсынылды. Бұл ұсыныс бұған дейін өткен жиналыстардың қорытындысы бойынша әзірленді. Онда «e-tamga» төлем жүйесін енгізу ұсынылған болатын.

Қаржы министрлігінің өкілдері бұл механизм салықтық алшақтықтардың пайда болуына жол бермеу, салық төлеуден жалтару және кірістерді жасыруға бағытталғанын атап өтті. Жаңа механизм жобасы кәсіпкерлер тарапынан қызу талқыланды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың пікірінше, кәсіпкерлерге тиімділігі – барлық ҚҚС төлеуші үшін ҚҚС асып кетуін қайтару перспективасымен экспорттаушылар үшін ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар осы механизм енгізілген болса, ҚҚС бойынша салық кезеңі қысқарады: тоқсандық емес, ай сайынғы кезеңге айналады. Ал шот-фактураны жазып беру мерзімі 15-тен 5 күнге дейін қысқарады.

Бұл ұсыныс кәсіпкерлер назарына алғаш рет ұсынылып отыр. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қатысушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырым айтты:

«Бүгінгі кездесу –  Қаржы министрлігінің ұсыныстарын соңғы талқылау емес. Кәсіпкерлердің ұсыныстары мен ескертулері бүгін тыңдалды, олар мүдделі мемлекеттік органдарға жан-жақты жеткізілетін болады. 

«Атамекен» ҰКП ұсынылып отырған ҚҚС әкімшілендіру механизмін келісу бойынша жұмысты жалғастыруға дайын және кәсіпкерлердің ұсыныстары мен ескертулерін тыңдауға алаң ұсынуға ашық». 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің материалдарымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз:

- презентация;

- талқылаудың бейнежазбасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер