«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамуда және бизнесмендерді қандай мәселелер мазалайды?

2024 жылғы 04 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4939 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы 1 наурыздан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кіру үшін құжаттарды қабылдау басталғанын еске салды. Тізілімге кіргеннен кейін ғана мемлекет тарапынан берілетін преференцияларды пайдалануға болады.

ҚР әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Эмин Аскеровтің айтуынша, өткен жылы "Даму" қорының желісі бойынша жеңілдікті несиелеу енгізілген.

- Мемлекеттен 5 миллион теңге көлемінде бизнесті дамытуға арналған гранттар бір қатысушыға бір рет қана беріледі, - деп түсіндірді Эмин Аскеров. - Өткен аптада ҚР Ұлттық экономика министрлігінде кездесу өтті, онда осы мәселелер талқыланды. Екі айдың ішінде 201-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның ережесі өзгертілетін болады. Осылайша бұрын грант алғандар қайтадан қаржыландыруға өтініш бере алады.

Ол сондай-ақ екінші жартыжылдықтан бастап Ұлттық экономика министрлігі өтінімдерді қабылдауды цифрландыруға және комиссиялық алымдарды алып тастауға уәде беретінін айтты. Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өтінім беру қолжетімді әрі жылдам болады.

- Қазіргі уақытта тағы алты салықтық жеңілдіктер қарастырылуда: ақпараттық пиар, сатуға жәрдемдесу, оқыту, тәжірибе алмасу бағдарламалары, жеңілдікті негізде алаң беру мүмкіндігі. Бірақ дәл осы соңғы аспект аймаққа, қандай да бір бос үй-жайлардың болуына байланысты, - деп атап өтті Эмин Халилович. – Сондай-ақ, "Болашақ" желісі бойынша енді әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша доктор немесе магистр дәрежесін алуға мүмкіндік бар.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Адылханның ақпараты бойынша, көмек сұраған қоғамдық ұйымдар мен қорлар әлеуметтік кәсіпкерлерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы түсінік беруді сұрайды.

- ЖШС, ЖК және коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық қорлар кіретін барлық заңды тұлғалар тек бір шартпен - егер Жарғыда коммерциялық қызметпен айналысу мүмкіндігі жазылса ғана тізілімге енгізе алады, - деп нақтылады Эмин Аскеров. - Құжаттарды тапсыру кезінде коммерциялық қызметпен айналысқанына бір жыл толуы тиіс. Айналым жылына 50 мың теңгені құраса да, бұл коммерциялық қызметтің дәлелі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер түзеу мекемелеріндегі қызметке қатысты мәселені көтерді.

Эмин Аскеров оның кәсіпорны түзеу мекемесінің аумағында қалай жұмыс істейтінін, қандай мәселелерге тап болғанын және оларды қалай шешетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді сататын немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін және қоғамдық пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік, консультативтік көмек көрсету мәселелері бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасына 8-7232-742-102 телефоны бойынша хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер