Жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
Астанада «Жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тренингі өтіп жатыр.
Тренинг «Орталық Азиядағы құқық үстемдігі бағдарламасы: қызметті ашық жүргізуге жәрдемдесу және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес (CA TAEC)» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Негізгі қатысушылар арасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. Олар өз кезегінде үшінші тараптарды, әріптестерін және жеке сектордағы басқа да мүдделі тұлғаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік комплаенске оқытады деп жоспарланған. Тренинг бағдарламасы қабілетті тренер болуға көмектесу мақсатында арнайы әзірленген.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков оқу бойынша төрткүндік бағдарламаны ашып, сыбайлас жемқорлық – елдің саясаты мен экономикасына әсер ететін өзекті проблема екенін атап өтті. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеу және енгізу жеке сектордағы бизнес-практикалардың ажырамас және өзекті бөлігіне айналды.
«Біздің ұйым Еуропа кеңесінің қолдауымен Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу миссиясын жүзеге асырады. Біз сыбайлас жемқорлық салдарын терең түсіну, сондай-ақ оның алдын алу және бақылау құралдары мен әдістерін қамтамасыз етуге ұмтылып жатырмыз», – дед спикер.
Тренинг барысында үздік бизнес-тренерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, оны жеке секторға енгізудің негізгі тұжырымдамаларын айтады. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы, Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы конвенциясы сияқты халықаралық конвенцияларға баса назар аударылады. Еліміздегі жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу үшін басшылық бола алатын түрлі елдерде осы тәсілді табысты іске асырудың практикалық мысалдары ұсынылатын болады.
Тренерлерге арналған тренинг (ТоТ) екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлықтың не екенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске не әкелетінін және оны ілгерілету үшін жеке және мемлекеттік секторлар қалай жұмыс істей алатынын жан-жақты шолуды ұсынуға бағытталған. Теория қатысушылар талдай және талқылай алатын жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Тренингтің екінші бөлімі компаниялар мен корпорациялар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша тренингтер өткізу бойынша қатысушылардың біліктілігін арттыруға арналады. Сабақтарда оқу әдістеріне және оларды қалай қолдануға назар аударылады. Теориядан кейін практика жалғасады. Онда қатысушылардан бірінші бөлімде алған білімі іс жүзінде қолдана отырып, оқу сабақтарын өткізу сұралады.
Бұл екі сатылы процесс болашақ нұсқаушыларының білімін бекітіп, кеңейтеді және оларға өз білімін басқалармен тиімді бөлісу құралдары мен әдістерін ұсынады.
Тренинг аяқталған соң тыңдаушылар корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті функциясын түсінеді; корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тиісті корпоративтік басқаруды ынталандыру үшін қолжетімді құралдарды зерттейді; оқудың ең жақсы әдістері мен әдістерімен танысады; ересектерді оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы оқу дағдыларын жетілдіреді.
Тренинг Еуропа кеңесінің демеушілігімен іске асырылып жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: