«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық жеңіл өнеркәсіп: мемлекет бизнеспен тең бәсекеге түсуі керек

2023 жылғы 28 Тамыз
6234 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары Үкіметтегі бизнес мәселелерін кезекті талқылауға бірден бірнеше сұрақ шығарды. Олардың бірі – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» РМК-ның мемлекеттік сатып алуына ҚР ІІМ үшін бір көзден алу тәсілімен өнімнің жалғыз жеткізушісі ретінде қатысуы.

«Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінің басқарма төрайымы Гүлмира Уахитованың айтуынша, ҚР Үкіметінің №79 қаулысына сәйкес «Еңбек» РМК 192 зат атауын өндіру бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы. Оның ішінде 88 позиция – жеңіл өнеркәсіп тауарлары.

«Сатып алу туралы заңда «Еңбек» РМК-ға қатысты норма бар. Осы норма арқылы кәсіпорын мемлекеттік мекемелерге арнап тауарларды бір көзден стып алуға жеңілдігі бар. Мұндай тауарлар қатарында тігісі күрделі және заманауи жабдықты талап ететін мундирлер, китель, бас киім бар. «Еңбек» РМК материалдық-базасын ескерсек, кәсіпорын бұл өнімнің барлығын бірдей өндіре алмайды», – деді Гүлмира Уахитова.

Спикер мемлекет тарапынан жеңіл өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне үлкен мән беріліп жатыр. Осыған байланысты ол номенклатураны қайта қарау және күрделі технологиялық процестері бар тауарларды бизнеске беруді сұрады.

«Егер мемлекет бәсекеге түскісі келсе, онда жеке бизнеспен тең жағдайда болып, ешқандай жеңілдікті қолданбауы тиіс», – деп санайды Уахитова.

ҰКП  Өңдек өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқардың айтуынша, қазіргі кезде өзінің шектеулі өндірістік мүмкіндігіне қарамастан «Еңбек» РМК жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісінде үлкен тапсырыс алып отыр. 

«Еңбек» РМК жеке бизнесті ығыстырып тастайтын кезекті мемлекеттік операторға айналып кетпегені маңызды. Осы мәселеде мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту жолдарын басшылыққа алу керек», – деді Алмат Асқар. 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов та бизнестің позициясын қолдады.

«Біз жалпы мемлекеттік қатысуды қысқарту мәселелерін қолдаймыз. ҚАЖ жүйесінің кәсіпорындары үшін заң деңгейінде ерекшелік жасалғаны түсінікті. Бірақ бұл ерекшеліктер келесідей жұмыс істейді: бұл кәсіпорындар ІІМ және басқа да күштік органдар үшін қызмет көрсетуі керек. Демек тапсырыс беруші ІІМ бір жағынан, екінші жағынан «Еңбек» РМК орындаушысы. Бірақ бұл кәчіпорын өз құзыретінен тыс қызмет көрсету, басқаша айтқанда, тауарларды қайта сату сияқты жұмыс атқарады едген ақпарат тараған. Екіншіден, ІІМ мен мемлекеттік тапсырыс берушілерге ғана емес, жеке ұйымдарға да үшінші тұлғаларға қызмет көрсету жүріп жатыр», – деді Рустам Ахметов.

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлердің позициясын тыңдап, «Еңбек» РМК өндірістік қуаты бойынша технологиялық аудит жүргізу және сатып алынатын тауарлар көлемін қысқарту мүмкіндігін қарастыру бойынша бизнес ұсыныстарын қарауға алды.

Еске салсақ, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысына сәйкес «Еңбек» ШЖҚ РМК  ҚР Ішкі істер министрлігі үшін өнімдерді бір көзден, оның ішінде жеңіл және жиғаз өнеркәсібінің тауарлары бойынша жалғыз жеткізуші болуға құқылы.

«Еңбек» РМК қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер