«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО кәсіпкерлер палатасында бизнес өтінімдерінің 40%-дан астамы жер қатынастары саласына тиесілі

2023 жылғы 24 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5554 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында жер қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланды. Атап-айтқанда, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық акітелірдің болмауы және Е-лицензиялау платформасының жұмысындағы кемшіліктері сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Антикор өкілі Кеңес мүшелерін Шығыс Қазақстан облысындағы «Бизнеске жол» жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында Игорь Шацкийдің төрағалығымен және ШҚО прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутеновтің қатысуымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті  отырысы өтті.

Жиын барысында ШҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Рауан Абдуллин 2022 жылғы статистика бойынша Палатаға 332 өтініш келіп түскенін, оның 133-і жер қатынастары саласына тиесілі екенін айтты. Бұл барлық өтінімнің 40%-дан астамын құрайтын көрсеткіш.

«Біздің ойымызша, бұл саладағы ең өзекті мәселе НҚА болмауы және е-лицензиялау платформасының жұмысына қатысты. Мысалы, жүйеде елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту бойынша қызметтер қолжетімді емес. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің біріншісінің қолжетімділігін қалпына келтіру мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға жоспарланған. Жер учаскесін жалға алу мерзімін осы уақытқа дейін ұзарту бойынша осы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жоқ», – деді Рауан Абдуллин.

 ӨКП өкілі бұл қызметтер қағаз жүзінде көрсетіледі, нақты алгортим жолға қойылмаған. Осылайша әкімшілік кедергілер жасалып, қызмет алушыға жоғары талап қойылып жатыр.

Белгілі бір тізбенің болмауына байланысты қызмет алушылардан заңды негіздері жоқ артық құжаттар, анықтамалар, өтініштер және басқа да мәліметтер сұратылуы мүмкін. Қызмет көрсету мерзімдері де регламенттелмеген. Мұның салдары негізсіз өтінімді орындаудан бас тартуға әкеліп, кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салады, нәтижесінде – көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан наразылық туындайды.

 «Жер енді игеріліп жатқан кезде қосымша проблема туындайды: жер учаскесін игеру критерийлерінің болмауы оны жалға алу мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы негізделген шешім қабылдау мүмкін еместігіне әкеп соғады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқығының бұзылуына жол бермеу мақсатында аталған олқылықты жою қажет деп санаймыз», – деп атап өтті Рауан Абдуллин.

 Спикер ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі мен интеграциясының болмауы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатты әсер етеді. Мысалға ХҚҚО және Е-лицензиялау жұмысы. Осыған байланысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары мемлекеттік қызметтерді одан әрі автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және жетілдіру, «бір өтініш» және «бас тартусыз қызметтер» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге көшуді талап етеді. Бұл тәсілдерді іске асыру бюрократиялық талаптарды айтарлықтай оңтайландыруға және кәсіпкерлер мен халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді, деп қорытындылады Рауан Абдуллин.

ШҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов бұл ескертулермен келісіп, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жер учаскелерін беруді едәуір жеңілдететін жаңартылған Жер кодексі заңды күшіне енетінін хабарлады. Осы уақытқа дейін барлық тиісті заң актін қабылдау, сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңға, табиғи монополиялар туралы заңға өзгерістер енгізу қажет.

 «Жаңа жер кодексі аудандық маңызы бар қалаларда жер комиссияларында өтініштерді қараудың болмауын қарастырады. Осы Заңда өтінішті қарау мерзімін 15 күнге дейін қысқарту көзделеді. Яғни, өтініш беруші Egov электрон жүйесі арқылы өтініш береді, өтініш сәулет басқармасына түседі, сәулет басқармасы келісу үшін мемлекеттік органдардың пулын қарайды. Осы өтініштерді мемлекеттік органдарға таратады. Осы органдардың оң қорытындысы болған жағдайда жер учаскесі сәйкестендіру құжатын дайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-ға жіберіледі. Бұл жағдайда сәйкестендіру құжаты мемлекеттік актіні де, техникалық паспортты да біріктіретін жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрлық паспорты болады. Іс жүзінде 1 шілдеден бастап біз жер учаскелерін беру саласында революцияны күтеміз», – деп атап өтті Дәулет Сарманов сауда-саттықты қажет етпейтін жер учаскелеріне қатысты.

 Спикердің айтуынша, 10 мамырға дейін МЖК («мемлекеттік жер кадастры») және  «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» ақпараттық дерекқорларын біріктіру және интеграциялау бойынша жұмыс жалғасады. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда геопортал дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Геопортал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

 Мейрам Таутенов жер кодексіне түбегейлі өзгерістер енгізіліп жатқанын растады.

 «Ақпараттық жұмысты міндетті түрде жүргізу қажет болады. 1 шілдеге дейін біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайын болуымыз керек. Яғни, осы Кодексті қолдану бойынша сұрақтарды қазірдің өзінде тұжырымдап, орталық органдарға жолдау және оларға жауап алу қажет. Осылайша біз осы нормаларды өзіміз де дұрыс қолданып, адамдарға заңнаманың жаңа талаптарын түсіндіре аламыз», – деп атап өтті ШҚО прокурорының орынбасары.

 Талқылау қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Игорь Шацкий қарарды жариялады. Оған сәйкес ШҚО жер қатынастары басқармасы мен кәсіпкерлер палатасына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне және «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына «жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қысқа мерзімде әзірлеу және бекіту қажеттігі туралы хат жолдау ұсынылды.

Сондай-ақ, отырыс барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев 2023 жылы Антикор бастаған «Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасының іске асырылғаны туралы хабарлады.

«Бизнес өтініштерін жедел қарау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» ҰКП арасында алгоритм әзірленді.  Антикор, «Атамекен» Ұлттық палатасы мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылды. Осы алгоритмге сәйкес бірлескен жұмыс мобильділік, объективтілік, әділдік және жариялылық қағидаты бойынша жүргізіледі. Мобильді топ кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері бойынша дереу шығып, нақты түсініктемелер мен ұсыныстар береді», – деді Талғат Башев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер