«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда 200-ден аса сараптамалық ұйым жабылуы мүмкін

2023 жылғы 04 Сәуір
6740 просмотров

«Ашық НҚА» порталында ҚР ИИДМ бұйрығының жобасы жарияланды. Оған сәйкес техникалық жағынан күрделі емес құрылыс жобалары техникалық жағынан күрделі санатқа көшеді.

Осы бұйрықтың қабылдануы жеке 208 сараптамалық ұйымның жабылуына себеп болады. Бұл ұйымдар техникалық жағынан күрделі емес жобалардың сараптамасы жүргізеді, олардың үлесіне нарықтың 80%-ы тиесілі. Екі мыңға жуық маман мен сарапшылар жұмыссыз қалу қаупі бар.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасыны орынбасары м.а. Ербол Есенеевтің айтуынша, ҚР ИИДМ бұйрығының жобасы жеке сараптамалық ұйымдар жүзеге асыратын сараптамалық жұмыстардың көлемін бірден 56%-ға, яғни екі еседен астамға қысқартады. Бұл жайт бизнес-қоғамдастық арасында кең резонанс тудырды.

«Бұған дейін мемлекет сарапшыларды дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес құрылыс жобаларына сараптаманы реформалау және тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік емес сараптама институтын құруға шақырған болатын. Мамандар бған сенді, несие алды, кеңселер, бағдарламалық жасақтама сатып алды, кәсіпқойларды тартты. Үлкен жұмыс атқарылды. Қомақты қаражат салынды. ҰКП мамандарының пікірінше, осы бұйрықпен құрылыс жобаларын мемлекеттік емес сараптау институтының беделін түсіреді және құрылыс жобаларын сараптау саласындағы нарық іс жүзінде монополияланады. Демек, жеке сараптама нарығын дамыту бойынша барлық күш-жігер босқа жұмсалды», – деді Ербол Есенеев.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сараптама ұйымы палатасының өңірлік өкілі Асхат Оразғалиев аккредиттелген сараптама ұйымдарының қызметкерлері ғана емес, жобалаушылар, құрылыс монтажы саласының қызметкерлері, техникалық қадағалау сарапшылары да жұмыссыз қалу қаупі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, осы бұйрықтың қабылдануы мемлекеттік сатып алудың бұзылуына және бюджет қаражатының игерілмеуіне қауіп төндіреді.

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, өзгерістер бұрын техникалық жағынан күрделі болып саналған объектілерді қайтаруға әсер етеді. Атап айтқанда, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, 2 қабаттан астам объектілер, адамдардың көп болуымен байланысты және үлкен жауапкершілікке ие әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар.

«Жобалар бойынша қорытындыны қысқа мерзімде, бір күннен үш күнге дейін ұсыну факті бар. Осылайша, 2016 жылдан 2022 жылға дейін 68 мың қорытынды берілді, оның ішінде жеті мың қорытынды сараптама жүргізу мерзімімен бір күннен үш күнге дейін берілді. Соңғы деректер – 2002 жылғы. Палата 13,5 мың жобаны қарады, оның 703-і бір күн ішінде берілді, ал 1808 жобаны сарапшылар үш күн ішінде қарады. Осындай қысқа мерзімде жобаны егжей-тегжей қарау, ескертулер беру және оларды түзету мүмкін емес. Осы деректерді ескере отырып, Үкімет өзін-өзі реттеуді енгізу бөлігінде барлық органмен енгізілген, пысықталған өзгерістерді қолдамау туралы шешім қабылдады», – деді спикер.

Сараптамалық ұйымдар палатасының басқарма төрағасы Бірлік Ережепов сараптамалық қызметті реттеудің қолданыстағы жүйесі барлығына бірдей: талаптар мемлекеттік және жеке сарапшылар үшін бірдей екенін атап өтті.

Сараптама ұйымдарының палатасы жеке сараптама ұйымдарының сараптамасының сапасы, сарапшылардың біліктілігінің төмендігі жөнінде мәселелер бар екенін растады. Сонымен қатар, оларды нарыққа Палата емес, мемлекет «шығарды». Өйткені заңды тұлғаларды аккредиттеуді де, сарапшыларды аттестаттауды да бүгінде мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бірлік Ережеповтың айтуынша,  палатада жағдайды жақсарту үшін қандай да бір механизм жоқ. Өйткені оның заңнамалық деңгейде өз мүшелерін бақылау және оларға тиісті шаралар қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері қарастырылмаған.

Спикер бүгінгі күнге дейін заң барлық жеке сараптама ұйымдарын палатаға мүше болуға міндеттейтінін айтты. Бұл ретте, заңда көрсетілген талапты сақтамағаны үшін жауапкершілік көзделмеген. Нәтижесінде бүгінде нарықта бірқатар компания өз қызметін палата мүшелігінен тыс жүзеге асырады.

«Жұмыстардың сапасыздығы бірнеше рет анықталған жағдайда біз осындай сараптамалық ұйымдарды өз палатамыздан шығарып тастаймыз және құрылыс істері комитетіне «осал буынды» лицензиядан айыруды сұраймыз. Алайда, бұл іс жүзінде орындалмайды. Сараптамалық ұйымдардың сараптамалық ұйымдар палатасынан тыс жұмыс істеуге құқығы жоқ екеніне қарамастан, 37 ұйым осы жағдайды шешпейтін ҚР ИИДМ құрылыс комитетінің үнсіз мақұлдауымен жұмыс істейді», – деді Ережепов.

Спикер кәсіби қоғамдастық Мемлекет басшысының құрылыс саласын монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмаларын ретке келтіруге және орындауға дайын екенін айтты.

Қазіргі кезде бұйрық «Ашық НҚА» порталында жария талқылаудан өтті, онда құжат бизнестен 100-ден астам ескерту алғанын айта кету керек.

ҚР ИИДМ енгізілген ескертулермен келіскен жағдайда бұйрықтың күші жойылады.

Егер ҚР ИИДМ алынған ескертулерді жеткіліксіз деп санаса, бұйрық жобасы кейбір елеусіз рәсімдерден өтіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне қол қоюға және бекітуге жіберіледі, содан кейін Әділет министрлігіне тіркеуге түседі.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер