«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан фермерлері Германияның жетекші агрокәсіпорындарына барды

2023 жылғы 24 Наурыз
8110 просмотров

Қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығында «жасыл» технологияларды енгізудің экономикалық пайдасын зерттеу мақсатында Германияға барды. Бұл сапар БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Жапония үкіметінің қаржылық қолдауымен Климаттық оңтайландырылған агротехнологияларды енгізу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру шеңберінде іске асып жатыр. Бұл сапарға жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн) пайдалану жөніндегі шешімдерді пилоттық режимде енгізген фермерлік шаруашылықтар қатысты.

Фермерлер түйіршіктелген қатты отын (ауылшаруашылық өндірісінің сығылған қалдықтары мен ағаш қалдықтарынан), биогаз қондырғыларын шығаратын зауыттарға, сондай-ақ сүт фермасы мен ауылға барды. Ферма мен ауыл қазіргі кезде күннің «таза» энергиясы есебінен толық жұмыс істейді. Қатысушылар әрі қарай өңдеу үшін «жасыл» технологиялар мен био шикізатты пайдаланатын шаруашылықтардың экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығына көз жеткізуге мүмкіндік алды.

«Біздің ферма қорыққа жақын, жету қиын аймақта орналасқан. Осыған байланысты электр қуаты фермаға тартылмады. Жобаға қатысу арқылы фермамда суды жылытуға арналған гелиожүйе және электр қуатын өндіруге арналған күн панельдері орнатылды. Германияда біз үлкен фермаларда осындай қондырғылардың қалай қолданылатынын анық көрдік. Қазақстанның басқа өңірлерінен келген фермерлермен таныса отырып, бізге өз шаруашылығымызда «жасыл» технологияларды қолданушылар қауымдастығын құру идеясы келді», – деді Риддер қаласынан келген жобаға қатысушы Татьяна Поспелова.

Германияда 90-шы жылдардың аяғынан бастап энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ  жел, күн, су және биомасса сияқты жаңартылатын энергия көздерін барынша жылдам кеңейту басты назарда болғанын айта кеткен жөн. 2030 жылға қарай Германияда тұтынылатын электр энергиясының кем дегенде 80%-ы жаңартылатын көздерден өндіру көзделген. Энергиямен жабдықтау жүйесінің осылай іргелі қайта құрылуы Германияның 2045 жылға қарай климаттық бейтарап индустриялық дамыған елге айналуының басты шарты болып отыр.

«Біз неміс әріптестеріміздің қазір табиғи ресурстарды үнемдеу бөлігінде қаншалықты озып кеткенін анық көрдік. Шаруа қожалықтарындағы барлық қалдық электр энергиясы мен тыңайтқыштар өндірісіне жұмсалады. Осы практиканы елімізде енгізу отандық кәсіпкерлердің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе бізде де табысты іске асады деп үміттенеміз», – деп бөлісті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Есенеев.

Жапония үкіметі қаржыландыратын БҰҰДБ жобасы шеңберінде құрғақшылықты болжау және алдын алу жөніндегі жабдық сатып алынып, «Қазгидрометке» берілді. Жаңа жабдық қолданыстағы жабдыққа қосымша және өңірлік билік пен фермерлік шаруашылықтарды хабардар ету үшін құрғақшылықтың басталуы туралы болжамдарды жедел қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жапония үкіметі БҰҰДБ-ның «Климаттық уәде: уәдеден іс-әрекетке» жаһандық бастамасын іске асырудың  келесі кезеңінде ең ірі серіктесі болды.   Бұл бастама БҰҰДБ-ның климат және даму саласындағы елдерді Париж келісімі бойынша ұлттық міндеттемелерін орындауда қолдау жөніндегі жаһандық ұсынысы.

 Толық ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі кеңсесіне  хабарласуға болады: kz.media.undp@undp.org электрон поштасы немесе тел. +7 (7172) 696550 (қосымша. 2402, 2404)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер