«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда «Атамекенде» кәсіпкерлер мен санитарлық дәрігерлердің кездесуі өтті

2023 жылғы 24 Ақпан
- Павлодар облысы
6778 просмотров

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары азық-түлік өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізудегі санитарлық ережелердің талаптарын, азық-түлік өнімдеріне техникалық регламенттердің талаптарын сақтауын жан-жақты түсіндіріп, рұқсат құжаттарын алу тәртібі туралы түсіндірді.

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел қоғамдық тамақтандыру нысандарының, азық-түлік тауарларының бөлшек және көтерме саудасымен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерінің басын қосты.

Санитарлық дәрігерлер азық-түлік өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, келесідей азық-түлік өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге жол берілмейтінін кәсіпкерлерге еске салды:

- тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында қолданыстағы өнімнің жеке түрлеріне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға немесе техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;

- сапасыздықтың айқын белгілері бар

- жеткізу жапсырмалары жоқ

- жарамдылық мерзімі белгіленбеген

- таңбаланбаған

- тамақ өнімдеріне арналмаған қаптамада болса.

 

Сондай-ақ, азық-түлік таңбалауы түсінікті, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды шатастырмайтындай болуы керек екенін атап өткен жөн.

Жиын барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер