«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жетілген кен орындарының қолданыс циклін ұзарту жөніндегі шараларды жақын арада қолға алу керек

2023 жылғы 08 Ақпан
9449 просмотров

Салық заңнамасына өзгерістер 2024 жылға жоспарланғанына қарамастан, кәсіпкерлер қолдау шараларын әзірлеу бойынша жұмысты жақын арада бастау керек деп санайды.

2023 жылғы 1 ақпанда ҚР Энергетика министрлігінің алқасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ескі мұнай-газ кен орындарын қолдау және олардың қолданыс циклін ұзарту қажеттігін атап өтті. Алайда жер қойнауын пайдаланушылар үшін негізгі шарттар өндіріске міндетті түрде қайта инвестициялау және өндірудің жаңа технологияларын енгізу болуға тиіс.

«Қарымта міндеттемелер туралы айтқан кезде нарықтың ерекшелігін назарға алу керек. Жетілген кен орындарының экспортқа мұнай жеткізілімі төмеп жатыр. Бұл ретте мұнайды ішкі нарыққа тиеп-жөнелту үлесі артып келеді, одан кәсіпкерлер өңірлік және әлемдік шикізат нарықтарындағы мұнай бағасының қалыптасып отырған конъюнктурасынан қосымша түсім алмайды. Кәсіпкерлердің мұнай беруді ұлғайту, өндіруді қарқындату жөніндегі қолданбалы шешімдер бөлігінде ғылыммен байланысы жоқ», – деп түсіндірді «Атамекен»  ҚР ҰКП базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов.

 Бұдан басқа, кеш сатыларда кен орындарын игеру бойынша фискалдық ынталандыру шаралары қарастырылмаған. Сондай-ақ экологиялық заңнамадағы талаптардың өзгеруі және реттелетін сатып алу рәсімдерінің жетілмегені мерзімдердің ұлғаюына, кен орындарында тәжірибелік-кәсіпшілік жұмыстарды енгізу және іске асыру тәртібінің ашық жүргізілмеуіне әсер етеді.

 Қазақстанда қазіргі кезде 104 мұнай өндіруші ұйым 295 кен орнын өндіріп жатыр. Онда көмірсутектердің жалпы өндірісінің 60%-дан астамы елдің үш ірі кен орны – Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанға тиесілі. Мұнай көлемінің 40%-на дейін игерудің кеш сатысында тұрған кен орындарында өндіріледі, онда өндіру деңгейінің төмендеу қарқыны тұрақты өсіп келеді.

 «Өндірілуі рентабельділігі төмен саналатын дебеті төмен, тұтқырлығы жоғары және суы жоғары мұнай кен орындарын қолдау жөніндегі шаралар мүмкін емес деп айтуға болмайды.  Қазақстанда осы санаттағы кен орындары үшін жеңілдікті мөлшерлемелер көзделген. Алайда,  сарқылатын кен орындарына да дамытуға арналған жүйелі шаралар мен құралдарды енгізуге назар аудару қажет», – деп атап өтті сарапшы.

 ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» (ОЭК тұжырымдамасы) № 724 қаулысымен бекітілген жетілген кен орындарын игеруді ынталандырудың мысалдары және Канада, Қытай, Сауд Арабиясы, АҚШ және Ресейдің үздік тәжірибелерін қамтиды. Мысалы, Ресейде жетілген кен орындарын фискалдық қолдау шаралары ретінде тау-кен салығының төмендету коэффициенті, сондай-ақ балама салық режиміне көшу жолдары қолданылады.

 «Бұл механизмдер көмірсутектерді өндіруге қайта инвестициялау үшін ақшаны қайтаруды алуға бағытталған. Мұндай шараларды іске асыру экономикалық белсенділіктің өсуін қалпына келтіреді. Бұл өз кезегінде салық түсімдері деңгейінде ғана емес, сонымен қатар аралас салалардың дамуына және елдің жалпы ішкі өнімінің оң динамикасына да ықпал етеді», – деді спикер.

 ОЭК тұжырымамасына сәйкес, салық салу саласындағы заңнамаға өзгерістер 2024 жылға жоспарланған. Алайда, ҰКП мамандары өндірудің жаңа технологияларын енгізу үлкен инвестицияларды қажет ететінін, өзгерістерді қазірден бастап тақлыау қажет деп санайды.

 Анықтама:

 2022 жылы Үкіметтің қаулыларымен тиміділігі төмен кен орындарына жатқызылған кен орындары бойынша барлығы 4,9 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылы ҚР-да мұнай өндірудің 5,8%-ын құрайды. «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіруші активтері), «Ақтөбемұнайгаз» СНПС» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және «Торғай Петролеум» АҚ ірі компаниялары осы санаттағы кен орындарын игеріп жатыр.

 IHS Cambridge Energy Research Associates зерттеулеріне сәйкес, мұнай мен газ өндірудің төмендеу қарқыны бар кен орындары браунфилд (браунфилд) деп аталатын «жетілген кен орындарына» жатады. Зерттеушілер оларды көмірсутектердің бастапқы дәлелденген қорларының 50%-дан астамын өндіретін немесе 25 жылдан астам уақыт бойы игеріліп келе жатқан кен орындары ретінде сипаттайды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер