«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет тапсырысы бойынша құрылыс жобалары жыл ішінде аяқталмаса қайта есептеледі

2023 жылғы 27 Қаңтар
6600 просмотров

Дереккөз: inbusiness.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тиісті өзгерістер енгізу туралы бұйрығы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге бағытталған.

Мердігерлік ұйымдар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жиі жүгінеді.

Бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс жобаларын іске асыру проблемаларының бірі – құрылыс ресурстарына арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген бағалардың, жобаны іске асыру сәтіндегі нарықтық бағалардың өзектілігі мен сәйкессіздігі.

«Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Аңсар Сейсекеевтің айтуынша, 3 жылға арналған құрылыс жобаларын бюджеттік жоспарлаудың қолданыстағы жүйесі проблеманың негізгі себебі. Бұл жүйеге ЖСҚ-ның қолданылу мерзімі байланған. Жүйе мерзімнің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етпейді.

«Мысалы, ЖСҚ 2019 жылы  сараптаманың оң қорытындысын алды, ал Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) конкурсты 2022 жылы өткізді. Тиісінше жобаның өзі 2023-2024 жылдары іске асырылуы керек. Осындай кешіктіру құрылыс материалдары, машина-механизмдер, жабдықтар мен еңбекақы және тиісінше бағалардың өзгеруіне байланысты жобаның нақты қымбаттауына алып келеді. Нәтижесінде ЖСҚ-ны қайта өзгертуге тура келеді», - деді спикер.

Кәсіпкерлер мәселенің шешімі жоба іске асырылуындағы мерзімнің бір жылы өткеннен кейін оны іске асыру болмаған жағдайда ЖСҚ сметалық бөлігін қайта қарау бойынша тапсырыс берушілерге қойылатын талаптарды белгілеу керек деп санайды.

Мемлекеттік органдардың өкілдерімен мәселені шешу жолдарын бірнеше рет талқылау нәтижесінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрықты бекітті.

Бұл өзгерістер  «Жобалау-сметалық құжаттаманың сметалық бөлімі, ол бекітілген кезден бастап бір жылдан астам уақыт өткеннен кейін конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және іске асыруға қаржыландыру көзделмеген, жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген сомалар мен қаржыландыру кестесіне сәйкес, жобалау шешімдерін өзгертпей түзетуге жататынын» қарастырады.

 «Осы өзгерістерді қабылдау - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мердігерлік ұйымдардың проблемаларын шешуге бағытталған қадамдардың бірі. «Атамекен» Ұлттық палатасы құрылыс саласында жұмыс істейтін бизнес атынан мемлекеттік органдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді және бизнес ұсынатын басқа да түзетулер қолдау табады деп үміттенеді», - деді Аңсар Сейсекеев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер