«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата 2022 жылдың үздік білім беру бағдарламалары рейтингін шығарды

2023 жылғы 25 Қаңтар
11826 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, бес жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Жұмыс нәтижесінде 200-ден астам салалық сарапшы тартылды, 2040 білім беру бағдарламасы бағаланды, 81 393 түлектің деректері талданды, нәтижесінде 97 оқу орны бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалды.

Ұлттық палата жоғары оқу орындарын 19 критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа еңбекақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың білім сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

«Критерийлер үш негізгі блокқа біріктірілген. Атап айтқанда, түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері. «Рейтинг әдістемесі ЖОО өкілдері және сарапшылармен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Сәйкесінше рейтинг әдістемесі үнемі жаңартылып отырады. Министрлік және «Атамекен» ҰКП мамандары ЖОО басшыларымен ашық талқылау өткізеді және рейтинг білім алушылардың мүддесін қорғауға бағытталған. Түлектер ЖОО-ны аяқтағаннан кейін оларға қандай мансаптық перспективалар ашылатынын түсінуі керек», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылы жұмысқа орналасудың орташа пайызы 1,8%-ға өсіп, 79,5% -ды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 71%-ға, ал 2021 жылы – 77,7%-ға тең болды.

«Түлектердің жұмысқа орналасуын талдау кезінде 2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы шілдеге дейінгі әр ай үшін зейнетақы аударымдары ескерілді. Қорытындысы бойынша түлектердің 67,8%-ы немесе 38 725 адам зерттеу кезеңінде зейнетақы жарнасын тұрақты түрде аударып отырған»,   – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

Батыс Қазақстан облысының түлектері жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша 86%-ды көрсетті, екінші орында Алматы облысының түлектері – 85%, үшінші орында Атырау облысы – 84% көрсетті. Жұмыспен қамтудың ең төменгі деңгейі Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша анықталды, онда бұл көрсеткіш 73%-ды құрайды.

Түлектердің орташа еңбекақысын неғұрлым объективті бағалау үшін биыл түлектердің «орташа жалақысын» есепке алу туралы шешім қабылданды. Орташа еңбекақы жұмысшылардың негізгі саны алатын қаражат мөлшерін көрсетеді. Ең жоғары еңбекақыны Алматы облысының түлектері алады, облыс бойынша жұмыстың бірінші жылындағы көрсеткіш 196 769 теңге деңгейінде, Шымкент түлектерінің ең төменгі еңбекақысы - 124 895 теңгені құрады.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша түлектердің ең жоғары орташа жалақысы – 221 841 теңге, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағдарламасы бойынша ең төменгі жалақы – 126 029 теңге. Барлық түлектің орташа еңбекақысы жалпы рейтинг бойынша – 155 621 теңге.

 Бағыттар бойынша жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейін «6b09 Ветеринария» бағыты - 88%, ал ең төмен деңгейді «6b02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты көрсетті – 71%.

Тағы бір маңызды критерий – түлектердің жұмысқа орналасу уақыты. 2022 жылы оқу аяқтаған соң жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы 97 күнді құрады:

  • түлектердің 1%-ы оқу аяқтағаннан кейінгі бірінші айда жұмыс табады;
  • түлектердің 39%-ы аяқтағаннан кейінгі алғашқы 3 айда жұмыс табады;
  • 58%-ы аяқтағаннан кейін 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздейді;
  • 2%-ы 6 айдан астам жұмыс іздейді.

 Жүргізілген рейтинг жұмыс берушілер 67,5%-ға білім беру бағдарламаларының өзектілігіне көңілі толатынын көрсетті.

«Өткен жылдары осы критерий бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмен болған. Көп университет нарық қажеттіліктеріне қарай рейтинг сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес бағдарламаларға өзгерістер енгізді. Қазір жұмыс берушілердің бағдарламалар сапасына қанағаттануы 12,5%-ға өскенін байқай аламыз. Мысалы, 2020 жылы өзектілік пайызы 52%, 2021 жылы - 55% және 2022 жылы - 67,5%-ды құрады», - спикер.

 Рейтинг қорытындысы аутсайдерлер қатарына білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізбеген университеттер кіргенін көрсетті. Әдетте, бұл университеттер білім беру бағдарламаларына аз инвестиция салады, оқытушы-практиктерді тартпайды және жыл сайын ҰБТ/КТ емтихандарында төмен балл алған талапкерлерді жинайды.

 Рейтинг нәтижесімен толығырақ Министрлік және «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайттарынан танысуға болады https://atameken.kz/kk/university_ratings


Еншілес ұйымдар

Серіктестер