«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Автотасымалдаушылар Ақмола облысының ААӨҚ-ның жұмысына наразы

2023 жылғы 12 Қаңтар
- Ақмола облысы
8007 просмотров


Тасымалдаушылардан түскен көп шағым Ақмола облысының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысын шақыруға себеп болды. Оған облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, облыс прокуратурасы, Көкшетау көлік прокуратурасы, көліктік бақылау облыстық инспекциясы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.

2020 жылы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені өз алаңында көтерді. Содан кейін қорғау бойынша кеңес қарарларының қорытындысы бойынша мәселе шешілгенін атап өтейік. Алайда, қазіргі уақытта бизнестен түскен өтініштер саны артты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атына арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының (ААӨҚ) көрсеткіштері бойынша тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден  жазбаша 15 өтініш, ондаған қоңырау келіп түсті. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында 291 шақырым учаскесінде орналасқан ААӨҚ 2022 жылғы 16-23 желтоқсан аралығында өтініш берушілердің автокөлік құралдарының өтуі кезінде салмақ параметрлерінің бірнеше есеге артқанын көрсетті.

Қазіргі кезде екі жүзден астам тасымалдаушы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы»  АҚ-дан осы мәселе бойынша хабарлама алды. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» өкілдері тасымалдаушыларды құқық бұзушылық жасау мән-жайларын анықтау немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына келуге міндеттеді. Қазіргі уақытта 38 хаттама жасалды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның әрекеттері тасымалдаушылар тарапынан наразылыққа әкелді. Олардың эмоцияларын түсінуге болады, әкімшілік жауапкершілікке тарту оларға мыңдаған айыппұлмен қауіп төндіреді. Сонымен қатар, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың функцияларына жол қызметін жүзеге асыру – автомобиль жолдарын жобалау, салуды және реконструкциялауды ұйымдастыру және т.б. кіреді. Мұндай хабарламаларды тек көліктік бақылау органдары жіберуге құқылы. Яғни, «ҚазАвтоЖол» өз құзыретін бұзды және тасымалдаушыларға хабарлама жіберу ғана дұрыс емес, сонымен қатар заңсыз», – дейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Тасымалдаушылардың өздері өлшеу құралдарының көрсеткіштерін дұрыс емес деп санайды. Тасымалданатын жүкке арналған құжаттар (көрсетілген салмағы мен пломбасы бар тауар-көлік жүкқұжаты және т.б.) тиісті түрде ресімделді, GPS жүйесі орнатылды. Бұл ретте, ААӨҚ автокөлік құралдары бос жүретін жағдайларда да салмақ параметрлерінің асып кетуін тіркейді (!).

«Менің фурам Ресей, Қазақстанмен шекараны кесіп өтті және бәрі жақсы болды – құжаттар, жүкқұжаттар рәсімделді, жүк мөрленді. Алайда, Көкшетау қаласының 291 шақырымына кірген кезде ААӨҚ кенеттен артық салмақ көрсетті. Қисынсыз жағдай орын алды», – деп таң қалды автотасымалдаушы Сергей Гах.

Хабарламалар алғаннан кәсіпкерлер Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясына жүгінді. Инспекцияда оларға ешқандай хабарлама жібермегендері айтылды.

Көліктік бақылау облыстық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Абзал Сапыбековтің айтуынша, көрсеткіштер рұқсат етілген параметрлерден асып кеткен автокөлік құралдарының жүру фактілері бойынша қалыптастырылған. ААӨҚ-ның барлық жұмысын Қазавтожол қамтамасыз етеді. Өлшеу жабдықтарын тексеру және сәйкестік сертификатын беру инспекцияның құзыретіне кірмейді. Бұдан басқа, ААӨҚ инспекция балансында тұрмайды.

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Думан Қалабиев ААӨҚ-ның қызмет көрсетуді автоматтандырылған жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша кепілдік міндеттемелері бар тиісті компания жүзеге асыратынын мәлімдеді. Барлық дерек ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуалдық орталығына беріледі.
Пікір-талас қызып кетті. Ал салалық ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне жүктеуге тырысып жатқанда, хабарлама алған 170-тен астам кәсіпкер бойынша мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Пікір-талас қызып кетті. Ал салалық ведомстволар жауапкершілікті бір-біріне жүктеуге тырысып жатқанда, хабарлама алған 170-тен астам кәсіпкер бойынша мәселе ашық күйінде қалып отыр.

«Көліктік бақылау инспекциясы анықталған бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамын құрмайды, яғни басталған әкімшілік істер тоқтатылуға, ал аяқталған істер жойылуға жатады», – деп санайды Расул Сыздықов.

Талқылау  қорытындысы бойынша кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.

«Барлық салалық орган жауап беруі керек, қандай заңды әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс? Бүгінгі таңда 209 фактінің 38-і бойынша хаттамалар ресімделді, басқа кәсіпкерлермен не болады? Бизнеске нақты түсініктеме беріп, мәселені бақылауға қою керек», - деп атап өтті Елдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер