«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын бизнес – біздің дамуымыздың негізі. Ұлттық палата өкілі Resto-2022 форумында

2022 жылғы 12 Желтоқсан
8873 просмотров

Елордада Resto-2022 рестораторлар мен отельерлердің ІІ халықаралық форумы өтіп жатыр. Биыл форум алаңына 500 қатысушы жиналды. Рестораторлар қызметкерлерге салынтан бөлшек салықтың мәселесін көтерді. Сонымен қатар, форум спикерлері Қазақстанда франчайзингтің дамуы, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану жүйесін автоматтандыру және басқа да мәселелерді талқылады.

Қазіргі кезде мейрамхана бизнесіндегі маңызды мәселелер туралы қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрайымы Гүлбану Майғарина тоқталды. Оның айтуынша, басты мәселе – келесі жылдан бастап бөлшек салықтың енгізілуі.

«Келер жылдан бастап бөлшек салығы 3-тен 6%-ға көтерілмек.  Біз оны 3 пайыз деңгейінде қалдырғымыз келеді. Сондай-ақ, әр қызметкердің қызметін заңдастырғымыз келеді. Сондықтан ең төменгі еңбекақы бойынша жеңілдетілген салық керек. Салық көтерілсе, қиындықтарға тап боламыз. Өйткені бізде халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан жұмысшылардың саны басым. Қазір бізге одан әрі даму өте маңызды», – деп атап өтті Гүлбану Майғарина.

Осы мәселені талқылау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ жұмысы және ҰКП позициясы жайында Сауда департаментінің директоры Әсет Айтбаев айтты.

«Ұлттық палата позициясы да салықты 3 пайыз көлемінде қалдыруды көздейді, алайда бұған мемлекеттік органдар келіспей отыр. Әлі күнге дейін нақты шешім жоқ...  Кез келген бизнестің табысы технологияларды енгізу, заманауи құрылғылар екеніне сенімдімін. Біз кәсібін адал жүргізетін бизнесті қолдаймыз. Шағын бизнес – дамуымыздың негізі екенін атап өткім келеді. Сондықтан шағын бизнесті дамыту үшін жаңа технологияларды енгізіп, адал жұмыс істеу керек. ҰКП көлеңкелі бизнесті қорғамайды», – деді Әсет Айтбаев.

Шараның арнайы қонағы Гауһар Ассион 2018 жылы Figaro француз журналының нұсқасы бойынша Францияның ТОП-15 әйел шефаспаз қатарына енген. Оның алғашқы Chez Mademoiselle мейрамханасы «Мишлен» гиді тізіміне еніп, сол рейтингте төрт жыл қатарынан түспеді. Гауһар Ассион Қазақстанда мейрамхана бизнесін дамытуға қатысты пікірін бөлісті.

«Қазақстанда аспаздар айтарлықтай білікті. Сервис жағынан кемшін тұстар болуы мүмкін, өйткені мұндай мамандық Қазақстанда енді ғана жетіліп жатыр. Мысалы, біздің елде басқа жерде негізінен жұмыс таппаған азаматтар даяшы болып жұмыс істейді. Яғни, бұл көбінесе әуесқойлардан тұратын мамандық. Ал Францияда даяшы – өте құрметті лауазым. Қазақстанда үдеріс тез жүріп жатыр және үш жылдан кейін қазақстандық рестораторлардың деңгейі әлемдік деңгейге жетеді және тіпті асып түседі», – деді Гауһар Ассион.

Форумның панельдік сессиясында ЕҚДБ аккредиттелген консультант, The Guests studio-ның СЕО маманы  Жанна Прашкевич тәжірибесін бөлісіп, мейрамхана маркетингі туралы айтты. Мейрамхана маркетингі – сатылымдарды басқарудың бизнес-процесі. Спикер кәсіпорынның қаржылық моделі негізінде әзірленген сату жоспарларын қоюдан бастап, есеп пен маркетингтік аналитиканы дайындау және үйлестіруге дейін  сатылымдарды басқару процесінің диаграммасын көрсетті. Сондай-ақ, ол маркетинг тәсілдері: smm, маркетологтар, дизайнерлер, іс-шараларды ұйымдастырушыларға арналған техникалық тапсырма түрлерін бөлісті.

Resto-2022 қатысушылары үшін екі күн бойы ең тиімді нетворкинг, қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер арасындағы 11 номинация бойынша байқау, шеберлік сабақтары, қызметтер мен тауарларды жеткізушілердің шоу-кейс көрмесі, тәжірибе алмасу ұйымдастыралады және табысты бизнесмендермен ынтымақтастық жасауға мүмкіндік беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – меншік иелері, жабдықтар мен қызметтерді жеткізушілер, сарапшылар мен қоғамдық тамақтану саласының мамандары арасында тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасау.

Форум аясында «Алтын зəйтүн» байқауы өтеді, онда мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:

1.            Luxury форматындағы үздік қоғамдық орын;

2.            Үздік түнгі клуб, бар, музыкалық бар;

3.            Street фуд, Fast фуд, Dark Kitchen;

4.            Еуроасхана және кофехана;

5.            Үздік бар-менеджер;

6.            Үздік шеф-аспаз;

7.            Үздік басқарушы;

8.            Үздік бизнес-қонақүй;

9.            Қонақжайлылық шебері;

10.          Қонақүй жанынағы үздік мейрамхана;

11.          Жыл жаңалығы (қызықты жоба, қызықты бағы, этно, туризм, ерекше бағытты дамыту).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер