«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата Ресейде кейбір тауар бойынша шектеу шараларын жою мәселесіне бастамашы болды

2022 жылғы 09 Желтоқсан
10547 просмотров

Дереккөз: ktrk.kg

Бішкек инвестициялық саммитінда Ұлттық палата басшылары Ресейде кейбір тауарды әкету бойынша шектеу шараларын жою мәселесін көтерді.

Қырғызстанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қарсаңында Бішкек инвестициялық саммиті жұмысын бастады. Шараға ірі компаниялардың басшылары, Қырғызстанның қоғамдық және мемлекеттік органдарының өкілдері, мемлекеттің 20-дан астам халықаралық қаржы институты мен инвестициялық қорларының лидерлері қатысты.    Қазақстаннан барған делегация құрамында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов және басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов болды.

Бішкек инвестициялық саммиті аясында Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі төралқасының 21-ші отырысы өтті. Райымбек Баталов ЕАЭО жиында қырғыз әріптестеріне Бішкек инвестициялық саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді.

«Біз Одақтың негізгі мақсаттары – тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуына қол жеткізуде нық қадам басып келеміз. Осы ретте ЕАЭО толық форматты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін бізге қосымша күш салу керек. Сондықтан өзара саудадағы барлық кедергіні жоюды ұсынамын», – деді Райымбек Баталов.

Іскерлік кеңес төралқасының отырысында интеграциялық бірлестікті одан әрі дамыту мәселелерінің кең ауқымы қамтылды. Оның ішінде Ұлттық палата Ресейде кейбір тауарды әкету бойынша шектеу шараларын жою мәселесін көтерді.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов осы жылдың наурызында Ресей Федерациясы өз территориясынан тауарлардың жекелеген түрлерін әкету бойынша бірқатар шектеу шараларын енгізгенін атап өтті. Бұл шара ауыл шаруашылығы тауарлары – бидай, қант және бірқатар ауыл шаруашылығы техникасын да айналып өтпеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы техникасы және оның бөліктері, көлік құралдары, олардың бөліктері мен компоненттері, өнеркәсіптік өнімдер, телекоммуникациялық жабдықтар және олардың бөліктері, зертханалық, өндіру, геологиялық-барлау, геофизикалық жабдықтар бар. Сондай-ақ, медициналық тауарларды әкетуге тыйым салу мерзімі осы жылдың маусым және тамызында аяқталған. Алайда, тыйым 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Тимур Жаркеновтің айтуынша, Ресей Федерациясынан тыс жерлерге кейбір тауарды әкетуге рұқсат беру тәртібі Ресей аумағында белсенді жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысына теріс әсер етті.

«ҚазҚұрылысСервис» АҚ Ресей Федерациясында Амур газ-химия кешенінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсетті және 2020-2021 жылдары сол жерге 132 бірлік техникасын апарды. Алайда, компания 2022 жылдың маусымында 52 бірлік техника мен олардың бөлшектеріне рұқсат құжаттарын алу керек деген проблемаға тап болды. Компания маусымнан тамыздың аяғына дейін машиналарын кезең-кезеңімен әкетіп, 11 бірлік техниканы әкету үшін өнеркәсіп министрлігінен 49 рет теріс жауап алды. Компанияның өтінімдерін қарауды «кешіктіру» де орын алды. Нәтижесінде, біз бұл мәселені екі елдің вице-премьерлері Жұманғарин мен Оверчук деңгейіне шығарғаннан кейін ғана шеше алдық. Компания барлық техниканы шығарып алды», – деді Тимур Жаркенов.

 Спикердің айтуынша, кәсіпкерлер Ресей аумағына бұрын әкелінген және қазақстандық компаниялардың меншігіндегі техника мен жабдыққа рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге келгенде «абсурдтық» жағдайға тап болды, оларды алу мерзімі 2 ай немесе одан да көп уақытқа созылған. Тауарларды әкету кезінде кәсіпкерлер ресейлік серіктестердің қазақстандық компаниялардың балансында тұрған тауарларды немесе жабдықтарды әкетуге жәрдемдесуге құлықсыздығына тап болады. Бұл жайт та Ресей Федерациясының аумағынан әкету процесін едәуір кешіктіреді. Яғни, ресейлік компания өз жөндеу жұмыстарын жүргізуді аяқтап алып, техниканы әрі қарай шығаруға өтініш беруге мүдделі емес. Өз кезегінде қазақстандық компаниялар ЭЦҚ болмауына байланысты Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының порталында өтінім бере алмайды.

 Тимур Жаркенов РФ Үкіметінің № 312 қаулысын тосқауыл ретінде қарау қажеттілігі түрлі алаңдара көтерілгенін еске салды. Еуразиялық экономикалық комиссия РФ ПП № 312 ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауыл болып саналатыны туралы түпкілікті қорытынды жолдады және бұл мәселе желтоқсанда ЕЭК алқасының қарауына енгізілетіні туралы хабарлады. Алайда, ЕЭК Алқасы отырыстарының желтоқсандағы күн тәртібінде бұл мәселе жоқ.

Талқылау қорытындысы бойынша ЕЭК Іскерлік кеңесінің мүшелеріне Еуразиялық экономикалық комиссияға Ресей Федерациясында тауарлардың жекелеген түрлерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсат беру тәртібінің күшін жою қажеттілігі туралы бірлескен өтініш жіберу ұсынылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің төралқа төрағасына Ресей үкіметімен бірлесіп, РФ Үкіметінің № 312 қаулысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін пысықтап, ЕАЭО Іскерлік кеңесі тарапының жұмыс нәтижелері туралы қысқа мерзімде хабардар ету ұсынылды.

Жалпы, ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының кезекті отырысында қабылданған шешімдер елеулі үлес қосып, одақтың одан әрі дамуы үшін жаңа серпін беретінін атап өту қажет.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер