«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АЭС құрылысында Түркия тәжірибесін толық көшіруге болмайды – Ұлттық палата

2022 жылғы 09 Тамыз
6516 просмотров

Қазақстанда атом электр станциясын салу алдында инфрақұрылым мен кадрларды дамыту мәселелеріне база назар аудару қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясы құрылысымен танысу сапарынан кейін айтты.

 Қазақстанда Үлкен ауылында атом станциясын салу мәселесі талқыланып жатыр. Құрылыс жүргізудің негізгі үметкерлері қатарында Ресей, Франция, Оңтүстік Корея және Қытайдан келген ядролық технологиялар жеткізушілері бар. ҰКП өкілі Мерсин провинциясындағы Сиркети ауданына барды. Онда «Аккую» атом электр станциясы бойы көтеріп келеді. Бұл Түркиядағы алып құрылыс, оның тәжірибесін құрылыс салушы кім болатынына қарамастан ескеру қажет, деп есептейді Тимур Жаркенов:

 «Құрылыс басына барған соң, егер Қазақстан мұндай жобаны қолға алса, дәлме-дәл қайталауға болмайтыны түсінікті болды».

 Бірінші кезекте кадрларды дамыту керек. Мерсинде құрылыста жұмыс істейтін 25 мың адамның 20 мыңы – жергілікті халық. Алайда, барлық инженерлік құрам, жоба жетекшілері (5 мың) – құрылыс компаниясының өкілдері.

«Бізге бұл сценарий бойынша қозғалуға болмайды 1,2,10% шетелдік сарапшылар болсын, бірақ негізгі инженерлік құрам өзіміздікі болуы керек. Олар – болашақта станцияға қызмет көрсететін адамдар. Қазірдің өзінде кадрларды практикалық тәжірибе алу үшін оқыту қажет. Түріктермен салыстырғанда бізде белгілі бір біліктілігіміз бар, атом энергетикасы деген не екенін білеміз, тарихымыз бар», – деді спикер.

 Сонымен қатар логистикалық қуатты да ескеру қажет. Мысалы, провинцияда порт құрылысы басталды, ал ай сайын жетіспейтін құрылыс материалдарын 4 баржа әкеледі. Сондай-ақ, станцияның айналасында бірден 4 цемент зауыты және бірқатар ШОБ кәсіпорны жұмыс істейді.

«Бізде мұндай мүмкіндік жоқ және біз қазірдің өзінде жеткізуді қалай жүзеге асыру керегі туралы ойлануымыз керек. Өйткені жеткізу көлемі өте үлкен болады. Құрылыс айналасындағы ШОБ белдеуіне келетін болсақ, ол үшін инфрақұрылым да қажет, ең бастысы – елімізде кәсіпорындар жеткілікті ме және олар қажеттіліктің қанша пайызын жаба алатынын түсіну маңызды», – деді Тимур Жаркенов.

Тағы бір мәселе – реттелетін сатып алу. «Аккую» объектісінде өндірісті орналастыру және жұмысқа отандық кәсіпкерлерді тарту мәселесімен арнайы жұмыс тобы айналысады, негізгі мердігер Ыстамбулдағы кеңсе арқылы әлеуетті жеткізушілермен тұрақты жұмыс жүргізеді.

 «Мемлекет тарапынан бақылау болуы керек, өйткені құрылыс қаржылай шығынды. Сонымен қатар барлық негізгі мәселені мердігерге беруге болмайды. Мұндай құрылыс – Қазақстан экономикасы, әсіресе, ғылыми және технологиялық салаларды дамытудың драйверіне айналуы мүмкін. Бұл елдің болашағы үшін өте маңызды», – деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары Түркия Республикасында атом электр станциясын (АЭС) салу төңірегінде бизнестің қалай дамып жатқаны туралы айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер