«Бастау бизнес» жобасына бизнес-тренерлерді шақырамыз
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасына бизнес-тренерлердің резервін іріктеу, аттестаттау және пулын қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды.
Бизнес-тренерлерді іріктеудің негізгі мақсаты ҚР өңірлерінде бизнес-тренерлердің тиімді жұмыс істейтін құрамын уақтылы жинақтау.
Кандидаттарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:
● жасы 26 жас немесе одан жоғары;
● жоғары білімнің болуы;
● соттылықтың және ашық сот іс жүргізулерінің болмауы;
● ШОБ мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде кәсібі жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шараларын білу;
● қаржылық модельдеу негіздерін білу (бизнес-жоспар құру);
● нарықтық экономика, кәсіпкерлік негіздерін және бизнес негіздерін, сондай-ақ ауылдағы нарықтың ерекшелігін және бизнестің негізгі түрлерін білу;
● салық заңнамасын білу;
● маркетинг және маркетингтік зерттеулер туралы білімі;
● жоғары коммуникативтік құзыреттіліктер, оның ішінде менторлық/коучинг дағдылары, тыңдаушылармен «кері байланыс» құра білу;
● өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен командада жұмыс істей білу және мемлекеттік органдармен және жоба серіктестерімен өзара іс-қимыл жасай білу;
● бизнес-тренерлердіңц Этика кодексінде көрсетілген кәсіби әдеп нормаларына сәйкестігі және қарсыласу жағдайында стресске төзімділік көрсету.
Іріктеу тәртібі екі негізгі бөлімді қамтиды:
- алдын ала (қашықтықтан):
- Бастапқы құжаттарды қабылдау және өңдеу.
- Қашықтықтан тапсырма беру және онлайн тестілеу.
- Практикалық тапсырмалардың орындалуын талдау.
- Тренерлерді іріктеу үшін тренингке бизнес-тренерлер тобын қалыптастыру (бұдан әрі-ТТТ)
- Күндізгі/қашықтықтан-бизнес-тренерлер үшін біліктілікті тестілеу шеңберінде:
- Іріктеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның кандидаттарды ТТТ және іріктеуді жүргізуі.
- Жұмыс істеп тұрған және резервтегі бизнес-тренерлердің дерекқорын қалыптастыру.
Бізге керегі:
- кәсіби көзқарас, жобаға толық ену;
- ШОБ дамытудағы белсенді позиция және қызығушылық;
- өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ жұмыс барысында өз құзыреттерін үнемі дамытуға дайын болу;
- кезеңдер арасындағы қысқа үзілістерді ескере отырып, оқытуды өткізу орны бойынша (облыс орталығы аудан орталығы) ұзақ іс-сапарларға әзір болу.
Жобаның берері:
- ұлттық деңгейдегі ірі қызықты жобадағы жұмыс тәжірибесі;
- қызмет көрсету шарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2025 жылды қоса алғанға дейін) және кәсіби даму
Бизнес-тренерлерді іріктеудің ашық жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:
- 1-кезең – «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренері лауазымына кандидаттың өтінімін жіберу, (сілтеме бойынша https://forms.gle/Q9MD6ttb24xMSmb98);
- 2-кезең - бизнес-жоспарлау, қаржылық модельдерді құру бойынша құзыреттерді анықтау үшін практикалық тапсырманы және онлайн тестілеуді орындау;
- тренерлерге арналған 4-күндік тренингке қатысуға шақыру/ тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби құзыреттіліктерін растау (алдыңғы кезеңнен сәтті өткеннен кейін);
- 4-кезең - кадр резервіне кіру;
- 5-кезең - жобаға шақыру.
Жоба қызықтырған жағдайда түйіндемеңізді және біліктілігіңізді растайтын ақпаратты сілтеме https://forms.gle/Q9MD6ttb24xMSmb98 бойынша жолдауыңызды сұраймыз
Анықтама:
5 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 184 902 қатысушы оқытылды, оның ішінде 122 247 немесе (66%) жұмыссыз, 56 957 немесе (31%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 5 698 немесе (3%) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Оқыту нәтижелері бойынша 59 684 жоба іске қосылды, оның ішінде 39 923 адам немесе (67%) грант алды, 19 761 адам немесе (33%) жобаларды микрокредиттер есебінен іске асырды.
70 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, 1,6 млрд.теңге сомасына салық төленді.
Жобаның мақсаты: кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша толық ақпаратпен танысу үшін Атамекеннің ресми парақшасына өтуге болады, сондай-ақ біз әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram) де тіркелгенбіз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: