«Атамекен» Ұлттық палатасының цифрлық экожүйесі – кәсіпкердің көмекшісі
Цифрлық экожүйенің негізгі бағдары – Президенттің мемлекеттік қолдау және қызмет көрсету шараларын ұсыну тәртібін оңайлату жөніндегі тапсырмасын іске асыруда «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисін құру.
Мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралармен қатар, цифрлық экожүйе ҰКП қызметтерін және «бір терезе» қағидаты бойынша сұранысқа ие B2B коммерциялық қызметтерін көрсетудің бірыңғай платформасы болады.
Бұл ретте Цифрлық экожүйе міндеті көрсетілетін қызметтер мен қолдау шараларын цифрландырудан ғана тұрмайды. Басты мақсаты бизнес идея табу және бизнес ашудан бастап, қаржыландыруды тартуға дейін әр кәсіпкер тап болатын маңызды «өмірлік ситуацияларды» қамтитын «супер қызметтерді» құру.
Сервистерді ұсынуда әр өтінім берушіге жекелей назар аудару іске асырылады: әр кәсіпкердің өтініміне қарай жеке қызмет көрсету, лайықты қолдау шарасын таңдау, кәсіпкерге кез келген тексерулер, айыппұлдар, салық міндеттемелері, оларды төлеу немесе шағымдану мүмкіндігі, қызығушылық салалары бойынша білім базасы, нарық орындары және тағы басқалары туралы проактивті хабарламалар жіберу.
2025 жылға дейін микро және шағын бизнесте 1 миллионнан аса кәсіпкерді қамтитын 600-ден астам сервисті іске асыру жоспарланған.
Бұл міндеттерді орындау үшін осы жылдың 3 желтоқсанында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен кеңес өтті. Оның барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы цифрлық экожүйе тұжырымдамасын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен қажетті интеграция жолдарын таныстырды.
Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр қолданыстағы бизнес-процестерді оңтайландыру, оларды автоматтандыру және сұратылған құжаттар тізбесін қысқарту мақсатында мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қолдау шараларын тексеру, сондай-ақ интеграциялар бойынша қажетті жұмыс жүргізуді тапсырды.
Цифрлық экожүйенің алғашқы кезеңін іске қосу 2022 жылға жоспарланған.
Құрылып жатқан цифрлық экожүйе туралы толық ақпарат мына видеороликтен көруге болады:
Пікір қалдыру:
Пікірлер: