Қалалық бос кеңістіктерді абаттандыру қажет пе?
«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және туристік сала комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ құрылыс салушылар, басқарушылар мен сервистік компаниялардың өкілдері «ой талқы» форматында қалалық кеңістікті абаттандыру мәселесін талқылады.
«Қазіргі кезде қалалық кеңістіктерді абаттандыруға сұраныс артып келеді. Өңірлерде өтімді болуға тиіс ірі қонақүйлер салынып жатыр. Ол үшін туристердің көңілінен шығатын табиғаты әсем аумақтар керек. «Қала атмосферасы болмаса, заманға сай сәулетті, оның тарихи келбетіне интеграциялаудың жаңа тәсілдерінсіз туристерді тарту, жаңа аумақтарды дамыту қиын. Нәтижесінде, туристер ағылып жатқан көрші мемлекеттермен бәсекелесу оңай болмайды», – деді туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.
Тағы бір мәселе – тартымды туристік нысандардың бір-бірінен алыс орналасуы. Туристік сала комитеті мүшелерінің айтуынша, мұндай жерлерде интерактивті мұражайлар, қолөнер орталықтары, кафелер мен мейрамханалар қажет, себебі қонақтар түнге қалып, әдемі фотосуреттер түсіргісі келеді.
«Сәулетшілер, урбанистер, құрылыс салушылар, рестораторлар, авиакомпаниялар, туриістік нарық әлеуетін біріктіру қажет. Әкімдіктердің бірімен пилоттық жобаны іске асыру қажет болуы мүмкін, онда нәтиже бірден көрінеді. Бұдан басқа, міндетті түрде логистиканы арзандатып, тұрғындар мен жергілікті инвесторларды тарту керек. Мұның бәрі әртүрлі салалардан бизнес үшін мультипликативті әсер алуға және жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Юлия Якупбаева.
Комитет құрылыс комитетімен бірлесіп, қалалық кеңістікті ғана емес, сонымен қатар ұлттық саябақтарды да абаттандыру үшін ынталандыру көрсетілетін бағдарламаға бастама жасауды ұсынады. Жаңа жаяу жүру маршруттары, тарту нүктелері, танымал дизайн кодтарын құру келушілер мен туристер санын едәуір арттырады. Өңірде бизнес үшін жаңа нишалар да пайда болады.
Бастаманы Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович қолдады.
«Әлеует өте үлкен. Қазақстанда шынымен дамытуға тұрарлық орындар көп. Мұражайлар үлкен тартымдылыққа ие, Қазақстанда әзірге дами қоймаған гастротуризм де жақсы бағыт. Алайда, белгілі бір жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдамас бұрын, инвесторлар жобаның ағымы және өтелімділігі қандай болатынын алдын ала түсінуі керек», – деп атап өтті Александр Белович.
Өз кезегінде құрылысшылар қауымдастығы қалалық кеңістіктер мен турларды абаттандыруды ғана емес, сонымен қатар бұқаралық шаралар мен фестивальдерді өткізуді де ұсынды.
Кездесу соңында комитеттер ұсыныстарды жинақтау және мүдделі тараптар, «KazakhTourism» ҰК АҚ, «Kazakh Geography» және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кеңейтілген бірлескен кеңес өткізу туралы уағдаласты.
Анықтама:
Ресей тәжіриесі: қалалық орта және абаттандыру ұлттық жобасы (2017 жыл)
Мақсаты – қалаларды тұрғындар үшін ыңғайлы ету, қалалық орта сапасының индексін арттыру.
Бағдарламаның негізгі міндеті – азаматтардың қалалық кеңістікті қалыптастыруға белсенді қатысуы – көлік орындары мен жасыл аумақтарды анықтау мәселелерін азаматтар дауыс беру арқылы дербес шешеді. «Сізсіз сіз үшін ештеңе болмас» бағдарламасының принципі.
2018 жылдан бастап жайлы қалалық ортаны құру бойынша Бүкілресейлік үздік жобалар байқауы өткізілуде. Жеңімпаздар абаттандыру жобаларын жүзеге асыру үшін 10 млрд рубль алады. Үш жыл ішінде іске асырылып жатқан 400 жоба анықталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: