«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Цифрландыру туристік салаға жаңа леп әкеледі

2021 жылғы 25 Қазан
7496 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және туристік қоғамдастықтың қатысуымен туризм саласының цифрлық жобаларына қатысты жиналыс өтті.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Талғат Аманбаев бірқатар цифрлық жобаны (Kazakhstan.travel, E-Qonaq, Tourismonline.kz, онлайн ішкі туризм академиясы, ViewProject, ТурСтат және т.б.) таныстырды. Олар қолданысқа енгізілген және үнемі толықтырылып тұрады.

Жиында гидтерді цифрландыру, «Shagym» шағымдарды қабылдау қызметі, субсидияларға өтінімдерді берудің электрондық жүйесі сынды бастамалар ұсынылды.

  «Саланың басты проблемасы – статистикалық есептілік. Мысалы, 8 млн келуші және белгіленген 66 мың турист түрінде сала жұмыс істейтін сандар арасындағы жаға ұстатарлық айырмашылық. Статистика дұрыс жүргізілмесе, онда мемлекеттік қолдау шаралары бойынша шешімдер дұрыс қабылданбайды. Сондықтан статистикалық деректерді нарық үшін ыңғайлы түрде сәйкестікке келтіру қажет», – деп атап өтті Қазақстан туроператорлар қауымдастығының төрайымы Инна Рей.

«Kazakhstan.travel порталын жеке әзірлемелер және қосымшалармен біріктіру мүмкіндігін қарастыру керек», – деді Global Air компаниясының өкілі Гүлден Оспанова.

Туристік нарық басқа да ұсыныстар айтты:  

- е-Shagym  ресурсын TripAdvisor сияқты басқа да ірі цифрлық қызметтермен біріктіру қажеттілігі;

- гидтерді цифрлау жобасын пысықтау қажеттілігі;

- туристификация картасында жаңа бағыттарды онлайн толықтыру;

- view Project, Tourism online және т. б. жобаларды әлеуметтендіру.

  «Kazakh Tourism цифрландыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Әрине, нарық үшін пайдалы. Бірақ ақпараттық сүйемелдеуді күшейту қажет», – деп атап өтті ҚР ҰКП Төралқасы туристік сала комитетінің мүшесі Әсел Нұркебаева.

Бұдан басқа, ІТ және байланыс саласындағы телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграцияға маманданған «Кар-Тел» ЖШС, «Транстелеком» сияқты нарықтың жаңа ойыншылары цифрлық өнімдерді дамытуға жәрдем көрсететіндерін білдірді.

ҚР ҰКП Төралқасының туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева цифрландыру бойынша мұндай ауқымды қызмет 2020 жылы «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және ҚР Мәдениет және спорт министрілігі бірлесіп қол қойған Жол картасы, сондай-ақ пандемия кезеңінде нарықпен тығыз жұмыс істеу арқылы мүмкін болғанын атап өтті.

 «Біз Жол картасының туристік саланы цифрландыруға қатысты тармақтарын жаңа іс-шаралармен толықтыруды ұсынамыз. Kazakh Tourism-мен бірге қолданыстағы сервистерді толыққанды экожүйеге біріктіру керек. Бұл платформаға бизнес тарапынан жаңа микросервистерді қосу, тұрғындар мен туркомпанияларды түгендеу мен жаңа бағыттарды құруға тартуға мүмкіндік беру» – деп түйіндеді Юлия Якупбаева.

 Жиын қорытындысы бойынша әр өнім бойынша жұмыс топтарында ұсыныстарды пысықтау үшін талқылау өтеді.

  1. «e-Qonaq» https://eqonaq.kz/ ақпараттық жүйесі
  2. «Kazakhstan.travel» https://kazakhstan.travel/ ұлттық туристік портал
  3. «Туризм Онлайн» https://tourismonline.kz/ веб-платформасы
  4. «ViewProject» жобалады басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
  5. «ТУРСТАТ» https://tourstat.kz/ ақпараттық жүйесі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер