«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкенттегі текстиль кәсіпорындары субсидияға салынған салыққа наразы

2021 жылғы 13 Қазан
- Шымкент қаласы
9780 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында «Azala Cotton» және «АГФ групп» мақта  өңдеу кәсіпорындарының өтініші қаралды.

Қос «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан, компания экспортқа бағдарланған. «Azala Cotton» – елімізде мақта-мата өндіруші жалғыз фабрика,  «АГФ групп» – Қазақстанда үй текстилін өндіретін ең ірі кәсіпорын. Компания өз өнімін IКЕА швед компаниясына жеткізеді. Оңтүстіктегі екі компанияға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындардың бәріне ортақ мәселе бар. Мәселе мемлекеттік қолдауға қатысты.  

 «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылған. Несие алғанда мемлекет бізге пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп береді. Біз несиені бизнесті кеңейту, кәсіпорынның негізгі қызметін нығайту үшін аламыз. Сәйкесінше, мемлекет кәсіпорынды қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидия төледі. Алайда мемлекеттік кірістер органдары түскен субсидияларды кіріс ретінде бағалап, корпоративті табыс салығын салады», – деп шағымданды кәсіпорын жетекшілері.

 Кәсіпкерлер тарапынан: «Егер субсидияларға салық салынса, онда бізге мұндай көмектің қажеті қанша?» деген қисынды сұрақ қойылды.

Кәсіпкерлер салық органдарының субсидияларды салық төлеуші өтеусіз алған мүлікке неге теңестіретінін түсіне алмайды. Субсидиялар бұрын келтірілген шығындарды өтеуге бөлінеді.

Отырыста белгілі болғандай, тоқыма кәсіпорындарына валюталық бағамдық айырмашылық қалыптасқан кезде де салық салынады.

 «Өнімді экспортқа шығарамыз, сол себепті кіріс те шетелдік валютамен түседі. Салық заңнамасы бойынша АЭА қатысушылары үшін өнімнен шетелдік валютада түскен табыс корпоративті табыс салығынан босатылады. Алайда осы шетел валютасын теңгеге аударғанда курс айырмашылығы пайда болады. Салық органдары осы айырмашылықты басқа табыс ретінде танып, 20 пайыздық корпоративті табыс салығын салады. Неліктен? Курс айырмашылығы біздің қалауымыздан тыс конвертация себепті орын алды ғой. Бұл бір қызмет түрінің сатысы және басқаша болу мүмкін емес. Бұл жағдайда курс айырмасын кәсіпорын қызметінің басым түрін жүзеге асырудан пайда болды және оны АЭА қатысушыларының «өзге қызмет түрлерінен» «өзге кірістерге» жатқызуға болмайды және ол курс айырмасынан түсетін түсім емес», – деп атап өтті кәсіпкерлер.

 Осы сұрақ арнайы экномикалық аймақтағы экспорттаушы барлық кәсіпкерді алаңдатады. Олар салық органдарының хабарламаларын орындамау себепті  шоттардың бұғатталмауы үшін есептелген корпоративті табыс салығын төлейді, нәтижесінде үлкен сома шығады. Бұл салықты кәсіпорындар ішінде ««Azala Cotton» ЖШС ғана төлемеді. Соның салдарынан компания шоттары бұғатталды, ал қазір мақта талшығын сатып алу басталған кез. Шикізаттың бұл көлемімен компания бір жыл бойы жұмыс істейді.

«Егер мен қазір шикізатты сатып алмасам, онда әрі қарай кәсіп жалғастырудың еш мәні жоқ. Фабриканы жауып, адамдарды таратуға тура келеді. Бұл дегеніміз 600-ге жуық адам. Олардың көбі аз қамтылған отбасылар», – деп атап өтті «Azala Cotton» ЖШС директоры Бекет Тұрсынханов.

Кеңес төрағасы Мэлес Сейітжанов атап өткендей, бүгін кеңес отырысында өзекті мәселелерді қарастыру үшін арнайы диалог алаңы құрылды.

«Кәсіпкерлер бұл мәселелерді мемлекеттік органдармен талқылап, тиісті жауаптар немесе оларды шешу бойынша ұсыныстар алғысы келеді. Сондықтан біз Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдерін шақырдық. Онлайн шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратының өкілдері қатысады», – деді ол.

 Жағдайды онлайн-трансляция бойынша түсіндіру үшін Мемлекеттік кірсітер комитеті қосылды.

 МКК өкілі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының КТС есептеуінің дұрыстығын растады. Бұл ретте кәсіпкерлерге салық заңнамасының баптарын жиынтықта оқу қажет екенін түсіндірілді.  Сонымен қатар, комитет арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтінішін, сондай-ақ Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды тағы бір рет қарайтынын атап өтті.

ҰКП Орталық аппараты өз кезегінде МКК-дан ресми түсініктеме алу үшін барынша күш салатынын, оның нәтижелері бойынша одан әрі шаралар қабылданатынын хабарлады.

 Бұл жағдайда салық заңнамасы әр түрлі оқыланық. Нәтижесінде тоқыма кәсіпорындары зардап шегіп жатыр, – Кеңс мүшелері осындай тұжырымға келді.

 Кеңес Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына «Оңтүстік» АЭА қатысушыларына қаралған мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми түсіндірмелерін алуға көмек көрсетуді ұсынды. Ал Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті АЭА қатысушылары үшін субсидиялар мен валютаны айырбастау сомалары бойынша КТС сомасын 100 пайызға азайту бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер енгізуге бастама жасау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер