«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде «Бастау» түлегі жарнама саласын игеруде

2021 жылғы 21 Шілде
- Ақтөбе облысы
5983 просмотров

Пилларс – қазақстандық маркетинг нарығында қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыт. Халықтың назарын жаулайтын ситибордтар Ақтөбе нарығына да еніп жатыр.

 23 жасар Риза Қошқарбаева «Бастау Бизнес» жобасында кәсіпкерлік негіздерін оқып алған соң бос нишаларды зерделеді. Кәсіптегі бағытты оған анасы Айнагүл Дәулетова табуға көмектесті. Айнагүл ханым бухгалтерлік тәжірибесі бар маман, әрі «Бастау» жобасының түлегі.

 «Мен отбасылық бизнесті құруды армандайтынмын, бірақ ішкі қорқыныштар райымнан қайтаратын. «Бастау» курсына қатысу, табысты түлектердің жетістіктерімен танысу мүмкіндігі пайда болғанда қызым екеуміз жеке кәсіп ашуға бел будық. Бастапқыда қаламызда жарнамалық конструкциялар бар ма, бар болса саны қанша, олар қайда орналасқан, жарнама орнын жалға алу қанша тұрады деп зерттеу жүргіздік. Жиналған ақпарат бизнес-жоспар құруға көмектесті. Барлық деңгейде бизнес-тренер сүйемелдеу көрсетеді», – деді Ризаның анасы.

Риза өзі интернет-кеңістіктен жабдық сатып алуға болатын ресейлік компанияны тауып, Ақтөбеге жеткізу құны, төлеу рәсімі және мерзімі туралы келісті.

Мамыр айында комиссия стартапқа 200 АЕК мөлшерінде грант бөледі, маусым айында кәсібін жаңа бастаған кәсіпорынның шотына 583 400 теңге мөлшерінде қаражат түседі, шілдеде екі конструкция – пилларс жабдығы келеді.

 «Маған жігер беретін, маған сенім артқан анам. Барлық қадамдарды біз Кәсіпкерлер палатасымен бағамдаймыз, бізге мұнда кеңес береді, сүйемелдейді.  Біз екі пилларс қондырғысын сатып алдық. Енді оларды орнатуға лайықты орын іздеп жатырмыз. Коммерциялық ұсынысымызды дайындадық. Алғашқы келісімдер бар. Көпшілік жиналатын орындарды таңдаймыз», – дейді Риза Қошқарбаева.

 «Пилларс несімен қызықты? Олар адам назарын жаулайды. Түрлі жарық, түрлі-түсті сәулелер көмегімен жарнама қызықты. Біз алған нобай айналатын конструкциялы подиум. Қазір плакат дизайнын әзірлеуді зерттеудемін», – дейді кәсіпкер.

 Бүгінде анасы мен баласында бизнес-жобаны ілгерілету бойынша Инстаграмда pillars_04 парақша бар. Жарнамасына жаңа орын іздеушілер болса, мына телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: +7 747 321 7022.

 Айта кетелік, Ризаның кондитер білімі бар, ол ағылшын тілін үйреніп, SMM саласын игеруде.

Бүгінгі таңда «Бастау Бизнес» жобасы аясында өңір бойынша жоспарланған  1 200 адамнан 1 135 тыңдаушы atameken.co платформасында онлайн-режимде оқыды.

Оқуды аяқтаған тыңдаушылар ішінен жалпы сомасы 189,5 млн теңгеге 304 адам қаржыландырылды. Оның ішінде 16,8 млн теңгеге жеті несие және 172,7 млн теңгеге 297 грант берілді.

Төртінші лекте 19 шілдеден бастап 65 тыңдаушы оқуға кірісті.

ӨКП директоры Сұлупан Шынтасова атап өткендей, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы қазақстандықтарды кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға бағытталған.

Өткен жылдың өзінде өңірдің 1 404 жұмыссыз және кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлері бизнестің қыр-сырын үйренді. «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылғаннан бері облыста барлығы 9,5 мың адам оқытудан өтті.

«Бастау Бизнес» жобасымен оқу тегін.

#бастау #бастаубизнес #Ақтөбеоблысыкәсіпкерлерпалатасы

#палатапредпринимателейАктюбинскойобласти

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер