«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Актюбинские бизнесмены налаживают торгово-экономическое сотрудничество с Узбекистаном – Ақтөбе бизнесмендері Өзбекстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

2021 жылғы 24 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7344 просмотров

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың Ақтөбе облысына екі күндік сапары барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық қарым-қатынас және өнеркәсіптік кооперация мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті.

 Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңірдегі бизнес-субъектілер қатысты.

 Жиынды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев ашты.

 «Қазақстан және Өбекстан арасында көп жыл бойы саяси өзара тығыз қарым-қатынаспен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық та дамып келеді. Сондықтан өңірлік бизнес өкілдері кездесуге жоғары ынта танытты», – деді облыс әкімінің орынбасары.

 Өз кезегінде Елші Орталық Азияда стратегиялық маңызды өңір, дамыған инфрақұрылымы және ТМД елдері арасында ең жылдам дамып келе жатқан экономикасы бар Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық әлеуеті туралы ақпарат берді.

 «Екі елдің ынтымақтастық серпіні өте жоғары, осы деңгей екі ел Президенттерінің сенімге негізделген қарым-қатынасы арқылы қалыптасты. – деп атап өтті Саидикрам Ниязходжаев. – Біз майлы дақылдардың өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, қаржыландыру, еңбек күшін тартуда жәрдемдесуге мүдде танытып отырмыз. Осы мәслелерді пысықтауға дайынбыз. Сондай-ақ, дәнді дақылдар бойынша өзара әрекеттесуге атсалысуға дайынбыз. Ірі қара мал және ұсақ мал саласында Өзбекстанда нақты сатып алушыларды іздеуге әзірміз. Өзбекстанда жұмыс істеуге дайын бизнес болса, толық қолдау көрсететінімізді айтқым келеді. Мәселен, «Экотон» компаниясының Агрен қаласында зауыт салу жобасының іске асуы жақсы үлгі», – деді Елші.

 Өз кезегінде Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова Ақтөбе облысы мен Өзбекстан кәсіпорындары арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар туралы айтып, облыс республиканың ірі индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. жергілікті экономиканы мұнай-газ секторы, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, АӨК және басқа салалар қалыптастыруда.

 «Соңғы жылдары біз Өзбекстан Республикасы экономикасының дамуында оң нәтиже байқап жатырмыз. Сыртқы экономикалық қызметтің 2020 жылғы қорытындылары Өзбекстан Республикасы мен Ақтөбе облысы арасындағы ынтымақтастық АӨК, химия өнеркәсібі, металл өңдеу саласында дамып келе жатқанын көрсетеді. Тауар айналымының көлемі 26,8 млн, АҚШ долларын құрады, бұл ретте экспорттың үлесі 92%-ды құрайды. Көрші елге экспортталатын негізгі тауарлар – бидай, күнбағыс майы және дәні, ірі қара, рельс, феррохром және химия өнеркәсібіін өнімдері. Өзбекстаннан бері қарай полиэтилен, дақылдардан өндірілген дайын өнімдері, жеміс-көкөніс және жеміс-жидек қағы, текстиль өнімдері тасымалданады. Кәсіпкерлер палатасы ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын өз қызметімен қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүддесіне өкілдік етеді, отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді. Өндірушілерімздің әлеуеті мен мүддесін ескере отырып, біз Өзбекстан нарығында сауданы одан әрі ілгерілету үшін өнім номенклатурасын кеңейтуге мүдделіміз», – деді Сұлупан Шынтасова.

 Көрші елге бидай, арпа, ұн, күнбағыс, жом, күнбағыс майы, сиыр еті, химиялық және металл өнімдерін экспорттайтын ірі кәсіпорындар қатарында «Агро Трейд ЛТД» ЖШС, «Алға экспорт компаниясы» ЖШС, «Агро Трейд ЛТД» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «АЗХС» АҚ, «ТНК Казхром» АҚ, «Ақтөбе рельс-белағаш зуыты» АҚ, «Ақтөбе құбыр зауыты» АҚ бар.  

Жиында өңір кәсіпкерлері сөз сөйлеп, Өзбекстанмен әрі қарайғы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.   Тауар жеткізу, Өзбекстан арқылы өнімдердің транзиті үшін карантиндік рұқсат алу, сондай-ақ бірлескен жобалар мен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстарды жүзеге асыруға арналған ілеспе құжаттардың талаптарына байланысты проблемалық мәселелер айтылды.

 ӨКП алаңында Елшіге «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» және «Бизнеске арналған үкімет» қызметі таныстырылды. Өңірлік кеңес жұмысымен кеңес төрағасы Асхат Айтжанов таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер