«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарапайым заттар экономикасы: Ақтөбе облысында 51 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

2021 жылғы 06 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5377 просмотров

Ақтөбе облысында 2020 жылы 51 миллиард теңгенің 205 жобасы мақұлданды.

Өңірде "қарапайым заттар экономикасы" жоспарлы түрде дамып келеді. Ауыл шаруашылығы, азық – түлік саласы, құрылыс индустриясы, әлеуметтік сала - Ақтөбе облысындағы "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында көптеген кәсіпкерлер қолдауға ие болуда. Сонымен қатар, өткен жылы пандемияға қарамастан, мақұлданған жобалар 2019 жылмен салыстырғанда саны шамамен 47% - ға өсті немесе бұл 39 жаңа жоба.

"Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 62 мыңнан асады. Облысымыз АӨК, өңдеу өнеркәсібі саласы, білім және денсаулық салалары және басқа да салаларда бизнес жүргізу үшін қолайлы болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қолдау алған жобалар да экономиканың нақ осы салаларын қамтиды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 7,2 млрд.теңге сомасына 12 кәсіпкер жеңілдетілген қаржыландырылды. Құрылыс саласында сұйытылған газ және минералды плиталар өндіру саласында ірі жобалар бар. Сондай-ақ, сегіз фермер көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несие алды. Бағдарламаны қолжетімді ету үшін облыста бизнесмендермен тұрақты кездесулер өткізіледі. Бұл 10-нан астам әлеуетті жобаны анықтауға мүмкіндік берді, кейіннен қаржыландыру үшін оларды сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Дидар Боранқұлов.

Айта кетейік, бағдарламаға бизнесті кеңейтуге немесе қызметтің жаңа бағытын ашуға ниетті кәсіпкерлер қатыса алады.

"Қарапайым заттар экономикасы" салаларын несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына +7(7132) 744-609 /ішкі: 1509/- жобаларды қолдау бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер