«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде жер телімдерін алу бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде пилоттық жоба іске қосылды

2021 жылғы 26 Наурыз
10471 просмотров

Кәсіпкерлерге жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша пилоттық жоба таныстырылды. «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өткен іс-шараға Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы өкілдері қатысты

Пилоттық жоба қорытындысы бойынша Ақтөбеде жер телімдерін беруді автоматтандыру тәртібі жекелеген нормативтік-құқықтық актімен бекітілетін болады.

 «Пилоттық жобаның таныстырылымын ұзақ күттік, бірақ техникалық ақауларға байланысты жобаны наурыз айында ғана таныстыру сәті түсті. Бастамаға қолдау көрсетіп, пилоттық жобаның іске асырылуы туралы айтып беруге келіскен Ақтөбе қаласы әкімдігіне алғыс айтамыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Лидің айтуынша, жоба әзірлеушілер алдында қызмет алушылар үшін де, мемлекеттік органдар мен департаменттер үшін де барлық бизнес-процестерді автоматтандыру міндеті тұрды. Бұл ретте субъектіде өз өтінімі барысын түпкілікті нәтижеге дейін бақылай алуға мүмкіндігі болуы керек. Міндетті 2020 жылы іске асыра алдық, бұған қоса қағаз бетінен деректерді ауыстыру, сондай-ақ жария кадастрлық картаға телімдерді бедерлеуге қатысты мәселелер туындады.

 «Жер комиссиясының қарауы және жерге орналастыру жобасын әзірлеу алынып тасталды. Сондай-ақ, пилоттық жоба шеңберінде түрлі қызметтер: жергілікті атқарушы органдардың өтінішті қарауы, мемлекеттік корпорациясының құжаттарды қарауы, сауда-саттық жүргізу және құқықты тіркеу қызметтерін бірыңғай бизнес-процеспен көрсету қарастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері 20 күнге дейін қысқартылды», – деп атап өтті геопортал әзірлеушісі, «KAZGISA» ЖШС директоры Арман Беймишев.

Жобаны әзірлеуге 4 ақпараттық жүйе жұмылдырылған: Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры, Өңірлік геоақпараттық  жүйе, Egov және электронды сауда алаңы. Пилоттық жоба арқылы жерді екі тәсілмен: тікелей алу және сауда-саттық арқылы алуға болады.

«Геопортал күзде ғана өнеркәсіптік пайдалануға ресми түрде енгізіліп, қауіпсіздік сертификаты алынды. 2017 жылдан бастап біз оны толтыру, модернизациялаумен айналыстық, осы ретте уәкілетті органдар тарапынан тапсырмалар артты. Осы жылдың ақпан айында бұл өнім нақты стратегиялық бағытқа ие болды», – деді Сергей Ли.

Осы ретте пилоттық жобаны іске асыруда туындаған түйткілді мәселелер пулы пайда болды.

  • заңнамада Геопартал түсінігі мен жұмыс істеу статусының болмауы. Мұндай жағдай жергілікті атқарушы органдар қызметінде Өңірлік геоақпараттық жүйені енгізу және ары қарай пайдалануда айтарлықтай проблемаларды тудырады.
  • Өңірлік геоақпараттық жүйеде электронды қаулылар, келісімшарттар және басқа да құжаттарды қалыптастыру мәселесі. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде қалыптастырылатын стандартты құжаттардың тізбесі осы құжаттардың барлығын жергілікті атқарушы органдар тарапынан қол қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жүзінде сақтауды көздейді. Бұл факт жергілікті атқарушы органдардың жауапты құрылымдық бөлімшелерінің электрондық құжат айналымын толық жүзеге асырылуына мүмкіндік бермейді.
  • Құқықтық статистика жөніндегі орталықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы хабардар ете алмауы. Жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы Құқықтық статистика жөніндегі орталыққа күнсайынғы негізде ақпарат жібереді. Өңірлік геоақпараттық жүйеде жер қатынастары саласында жасырын (мемлекеттік емес) қызметтерді көрсету қарастырылған. Бұл қызметтерді жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ретінде қарастырады. Осы жайттарды ескере отырып, Өңірлік геоақпараттық жүйе және Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің интеграциялық өзара әрекеттесуін өткізу мәселесіне атсалысу қажет.
  • Өңірлік геоақпараттық жүйе және «E-licence» ақпараттық жүйесімен интеграцияның болмауы. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру бөлігінде аталған екі жүйе арасындағы интеграцияны жүзеге асыру туралы мәселені шешу қажет.
  • Өңірлік геоақпараттық жүйеде электронды жер комиссиясы жұмысын пайдалану мәселесі. Жер комиссиясы туралы Үлгі ережеде электронды құжат түрінде комиссияның қорытындысын қалыптастыру мүмкіндігінің болмауы.
  • электрондық қаулылар және басқа құжаттарды өзге ақпараттық жүйелер мен ұйымдарға беру проблемасы. Жергілікті атқарушы органдардың Өңірлік геоақпараттық жүйе  арқылы «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорында жер телімін тіркеуде шығарылған электронды құжаттар үшінші тарап ұйымдарында заңды күші жоқ. Осыған байланысты Өңірлік геоақпараттық жүйе мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры деректерін біріктіру қажет.

Жиында кәсіпкерлер ағымдағы проблемаларды айтып, цифрлық форматқа өтуді қолдады.

«Таныстырылған жүйе құрылыс салушыларға жер қатынастары саласында қарқынды және тиімді жұмыс істеуге мүмкідік беретін тамаша бастама. Осы ретте инженерлік желілерді бөлу бойынша мәселелер бар. Бұл проблеманың айтылып келе жатқанына үш жыл болды. Қаланың қай бағытта өсетінін және құрылыс салушылар қайда ұмтылуы керектігін білу үшін порталдан бес жылдық кезеңге арналған инженерлік инфрақұрылымның даму келешектігін көргіміз келеді», – деп ұсынды Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Виктор Микрюков.

Тағы бір мәселе – ауыл шаруашылығы жерлерін байқау арқылы беру. Пилоттық жоба шеңберінде бұл мәселені әзірлеушілер назардан тыс қалдырған, өңірлердегі порталдарда байқауға қойылатын жер телімдерінің еркін қол жетімді тізімдері жоқ, дегенмен әкімдіктер үшін осындай заңнамалық талап бар.

«Ауылшаруашылық жерлерін автоматтандырылған форматта байқау арқылы беру мәселелері де жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы заң жобасында қарастырылатын болады. Болашақта бұл мәселені реттеу Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, біз бизнестің барлық ұсыныстарын тыңдауға және келешекте оларды ауылшаруашылық жерлерін беру процесін реттейтін нормативтік құжатта ұсынуға дайын екенімізді атап өткіміз келеді», – деді Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжаһан Бимендина.

Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева Ақтөбе қаласының осы тәжірибесін ел ауқымында ары қарай тарату, сондай-ақ жер қатынастарында кәсіпкерлердің көптеген мәселелерін ескере отырып, «Атамекен» Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Мемлекеттік корпорация және басқа да мүдде танытқан мемлекеттік органдармен бірлесіп, бизнес қауымдастық өкілдерімен егжей-тегжейлі пікірталастар өткізетінін атап өтті.

 Анықтама үшін: 25 ақпанда Мәжілісте жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері жөнінде заң жобасы таныстырылды. «Атамекен» бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, талқылау және заң жобасының бастапқы редакциясын өзгертуге қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер