«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұйымдастырылған туризм өңір экономикасының дамуына ықпал етеді

2021 жылғы 20 Шілде
9559 просмотров

Қазақстанда ұйымдастырылған туризмді дамыту қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту жөніндегі «Мемлекеттік құрылымдармен диалог» конференциясы барысында мәлімдеді.

 Конференция онлайн және офлайн – аралас форматта өтті.

 «Біз, өкінішке қарай, ұйымдастырылмаған, жаппай туризм салдарынан туристер стихиялық түрде баса көктеп, Қазақстандағы демалыс орындарына залал тигізіп жатқанына куә болудамыз. Қазақтуризм және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен жол картамыз аясында тұрақты туристік өнімдерді дамытуға, эко, агро-туризмді дамытуға, қонақ үйлерді ашу тәжірибесін кеңейтуге көңіл бөлгеніміз жөн. Өңірдің экономикасын дамытуға, жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындарға қосымша табыс көзі болатын туризмді жетілдіру керек», – деді Юлия Якупбаева.

Спикердің айтуынша, қолданыстағы және нарықта жаңадан пайда болып жатқан туристік өнімдер кәдесый өнімін сатып алу, ұлттық және өңір үшін ерекше тағамдардың дәмін тату, әдеми фотосурет жасауды қамтуы тиіс. Ол үшін ҰКП мамандары туристік өнімді қалыптастыру үдерісіне, туристік маршрут қалыптастып жатқан орынға шағын бизнесті, өңір тұрғындарын тарту қажет деп санайды.

 «Өңірдегі шағын бизнес өнімдер тізбесін кеңейтуге қатысуы керек, мысалға жылқыларды жалға беру, туристерді егістіктен көкөніс жинауға қызықтыру, қолөнер бойынша шеберлік сабақтар өткізу, ұлттық тағамдардың дәмін татқызу сынды шараларды ұйымдастыру керек. Қолөнер өнімі (ешкі сүтінен сабын, ірімшік, киізден басылған қызғалдақтар және т.б.) ұлттық айдентиканы құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұтастай алғанда жекелеген өңірдің танылуына және ілгерілеуіне ықпал ете алады», – деп атап өтті спикер.

 Еске салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-пен үшжақты келісімшарт  жасады, құжат келесі шараларды қамтиды:

 - объектілерді абаттандыру бойынша нақты шараларды анықтау үшін қолданыстағы туристік маршруттарды диагностикалау;

-агро-туризмді дамыту бойынша оқыту семинарларын өткізу;

- экотуризмді дамыту үшін қонақ үйлер санын арттыру мақсатында тренингтер өткізу;

- қолөнер түрлерін сақтау және ілгерілету тәсілдерін пысықтау.

15 шілдеде Алматы қаласында SUSTOUKA (Sustainable Tourism in Kazakhstan).  жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту бойынша «Мемлекеттік құрылымдармен диалог» атты конференция өтті.

 Онлайн конференцияға ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Медсен, EKOTEK өкілі, SUSTOUKA жобасының үйлестірушісі Хуан Гаскон, EKOTEK-тегі ҒЗТКЖ жобасының басшысы Пейо Муниозгурен, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «KazakhTourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев қатысты. Конференция барысында Экономикалық зерттеулер институты, БҰҰДБ өкілдері, шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.

 Конференция аясында қатысушылар экоресурстарды орынды тұтыну, ұтымды пайдалану, жұмыссыздық пен кедейлікпен күрес, қазіргі заманғы арзан энергия көздерінің қолжетімділігі және осы факторлардың барлығы туризм және туристік өнімдердің сапасын жақсартумен қалай байланысты екенін талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер