«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс индустриясын дамытуға арналған онлайн платформа – бизнеске жаңа мүмкіндік

2021 жылғы 05 Ақпан
11061 просмотров

ҚР ИИДМ және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 2022 жылы тұрғын үй құрылысы саласында құрылыс материалдарын таңдау бойынша онлайн-дүкенді іске асыруды жоспарлауда. Жоба өндірушіге қосымша сату арналарын тапса, ал құрылыс салушылар арзан бағада тауар тауып, шаршы метр құнын төмендетуге мүмкіндік алады. Мемлекеттік орган жаңа алаңды құру жөніндегі жобаны «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастыққа таныстырды

 Айта кету керек әзірге онлайн-дүкен «Нұрлы жер»» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейді, алайда ары қарайғы әзірлеу бүкіл құрылыс секторын қамтымақ.

 «Біз осы маркетплейсті әзірлеудің бастапқы кезеңіндеміз, бизнес тарапынан детализация, жүйені жақсарту және оны пайдалану ыңғайлығына қатысты ұсыныстар мен идеяларды қабылдауға ашықпыз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев.

Ұлттық палатасы бірнеше жыл бойы «Құрылыс материалдары мен қызметтерді жеткізушілердің бірыңғай тізілімі» платформасын құруды ұсынып келді, онда құрылыс материалдары, жабдықтар, өндірушілер мен жеткізушілер туралы толық ақпарат болады (OTӨ/импорт) және құрылыс бизнесі мен құрылыс индустриясының бірыңғай порталы ретінде пайдаланылады.

«Премьер-Министр орынбасарының өткен жиынында ҚР Индустрия министрлігі маркетплейс бойынша таныстырылым жасағанда қуандық. Осындай платформаны құру біздің Құрылыс жөніндегі комитетпен бірлескен жол картада жоспарланған. Бірақ бастама бар екен, біз жобалық кеңсе жұмысына қуана қатысамыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбсары Юлия Якупбаева.

«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алтай Құндызбаев жобаны әзірлеу екі кезеңге бөлінгенін айтты. 2020 жылы жүргізілген алғашқы кезеңде «Нұрлы жер» ахуал орталығын әзірлеуді бастадық.

 «Қазіргі кезде әкімдіктер тізбегімен салынып жатқан нысандар бойынша құрылыс материалдарға қажеттіліктердің онлайн-витринасын құру. Біз оны «Нұрлы Жер» ситуациялық орталығы деп атадық», – деп атап өтті спикер.

 Орталық жұмысының шеңберінде құрылыс материалдар туралы ақпаратты отандық өндірушілер жариялайды деп жоспарланған, ҰКП индустриялық сертификаттар тізілімі есепке алынады. 

Әзірлеушілер құрылыстың өзіндік құнын азайту және отандық өндірушілерді қолдау түрінде нәтиже алуды көздейді.

«Сонымен қатар «Қазақ құрылыс және сәулет ҒЗИ және жобалау инстиуты» АҚ-пен бірлесіп, біз халықаралық стандарттарға арналған нұсқаулықты біріздендіруді жоспарлап отырмыз, өйткені 2019 жылы қолданбалы экономиканың сараптама орталығымен бір мәселеге тап болдық, атап айтқанда шетелден СЭҚ ТН және ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) бойынша импорталған материалдарының позицияларын сәйкестендіре алмадық», – деді Алтай Құндызбаев.

 Сонымен қатар жоба шеңберінде динамикалық бағалары бар болжамды жоспарлаудың онлайн жүйесі, жасалған мәмілелер үшін құрылыс материалдарының бағаларына және құрылыстағы қазақстандық қамтуға мониторинг жүргізу басталады.

 «Мұндай ауқымды жобаны құрылыс материалдарын отандық өндірушілер тізіліміне дейін тарылтудың қажеті жоқ, оларға отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар жасалсын. Егер біздің барлық көлемдер, соның ішінде импорттық өнімдер бойынша шығарылатын болса онда біз бағаларды салыстыра аламыз, оның үстіне жүйе уақыт өте келе коммерциялық алаңға айналады. Онда алаңда барлығы қамтылсын. Сол кезде импортты алмастыру сараптамамен жүргізіледі, өйткені цифрландыру кез келген қисықты түзейді», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Кәсіпкерлер онлайн-дүкен ашу идеясын қолдады, ірі құрылыс салушылар жүйені толтыруда өз көмегін де ұсынды.

«Амазон» да кезінде осылай басталды, сондықтан біз – құрылыс компаниялары жүйені пайдаланамыз. Жүйені ірі компанияларда таныстыруды сұраймыз. Өйткені бізде де жеткізушілердің үлкен базасы бар, біз пайдалы бола аламыз», – деді BI-Group Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Қожахметов.

 Жиын қорытындысы бойынша  мемлекеттік орган және «Атамекен» ҰКП ынтымақтастық бойынша келісім жасады, жуық арада Ұлттық палата бизнестің ұсыныстарын жинақтап, оларды әзірлеушіге жолдайды. Кәсіпкерлер жүйені жетілдіру мақсатында жобалық топтың құрамына кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер