«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс және жер қатынастары саласын цифрландыру мәселелері талқыланды

2020 жылғы 30 Қыркүйек
4099 просмотров

«Атамекен» ҰКП бастамасымен ұйымдастырылған құрылыс және жер қатынастары саласын цифрландыру бойынша заң жобасын талқылауға 120-дан астам адам қатысты.

 «Заң жобасы бизнес-процестерде түбегейлі өзгерістерді қарастырады. Жер телімдерін беруде біркелкі әдістер қолданылады. Сонымен қатар жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын енгізу жоспарланған, онда бизнес, табиғи монополиялар субъектілерімен ақпарат жаңартылып тұрады. Ашық электронды карта жасалады. Өтінімді беруден бастап, жер телімін тіркеуге дейін процестерді толыққанды автоматтандыру жоспарланған. Негізгі мәселе: қолданыстағы инфрақұрылым осындай процестерге қаншалықты дайын және бұл кезекті кедергі болмай ма?», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 15 қыркүйекте жаңа заң жобасы ҚР Премьер-Министрінің қарауына жіберілді. Заң жобасы объектінің кадастрлық нөмірі, жария кадастрлық карта, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін қоса алғанда 27 позициядан тұрады.  

 «Атамекен» ҰКП заң жобасын дайындау уақытында өз түзетулерін енгізіп, олар түпкі редакцияда мемлекеттік органдармен есепке алынды. Цифрлық форматқа толығымен өту 2023 жылға жоспарланған.

 «Жоба бойынша мемлекеттік меншіктегі жер екі әдіспен: аукцион арқылы және ақпараттық жүйеде тікелей беріледі. Ол үшін кәсіпкерге жүйе картасында бос телімді таңдап, содан кейін электронды үкімет шлюзі арқылы меншікке құқық алуға өтініш беру керек. Осыдан кейін әкімдіктің геопорталы арқылы жер телімін таңдау актісі мақұлданатын болады», – деп түсіндірді Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрайымы Гүлжаһан Бимендина.

Келесі қадам – жер телімінің шекараларын белгілеу. Гүлжаһан Бимендинаның айтуынша, осыған дейін процедура жер телімін алған соң белгіленетін. Кәсіпкер телімге бірнеше рет баруға мәжбүр еді. Ары қарай шекара белгілеу материалдары мақұлдаудан өтеді, қажет болса жерді бағалау жүргізіледі.

 «Соңғы кезең – жер телімін беру туралы шешім шығару, жерді кадастрлық есепке қою және меншікке құқықты мемлекеттік тіркеу. Барлық актілер мен шешімдерді кәсіпкер өңірлік геопорталдың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинет арқылы алады.  Жер телімін алуда ешқандай өзгерістер болмайды, негізгі мақсат мақұлдау процесін жеңілдету және процесті электронды форматқа көшіру, осылайша адами фактор мүмкіндігінше азаяды», – деді Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрайымы.  

 Жиын барысында кәсіпкерлер ағымдағы мәселелер туралы айтып, цифрлық форматқа өтуді қолдады.

 «Бізге жіберлген салыстырмалы кестелерді қарадық. Байқауларды жүргізу бойынша критерийлерді тағы қарасақ дейміз, өйткені идея жақсы. Соңғы кездері кәсіпті енді бастаған шаруалардан, жастардан шағымдар түсе бастады, олар жер телімін табады, қаражаттары бар, бірақ байқаудан өтпей қалады. Нәтижесінде кәсіпті енді қолға алғандарға инвестициялар балы төмен деген дәйекпен жер бермейді, телім өңірде жұмыс істеп жатқан шаруаға беріледі», – деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Күйшінов.

 Тағы мәселені Қостанай облысы құрылысшылар қауымдастығының мүшесі Ирина Викулова көтерді.

 «Бізде прокуратура тексеруінен кейін орын алған мәселе бар, ол жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем мөлшерін есептеу бойынша заңнамадағы кереғар тұстарына байланысты», – деді Ирина Викулова.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрайымы Гүлжаһан Бимендина айтылған мәселемен келісіп,  қатысушыларды қолданыстағы заңнамаға аукционда жер учаскесін жалдау құқығын жүзеге асырудың құнын анықтау мәселелері бойынша тиісті өзгерістер енгізуге дайын екендігі туралы хабардар етті, осы ретте жер телімін кадастрлық құнға тең немесе жоғары бағада сату туралы талапты алып тастау көзделген.

 Сондай-ақ осы кездесу барысында бизнес өкілдері  тарапынан көтерілген жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелердің көптігіне байланысты ҰКП және  ҚР Ауыл шаруашылығының бірлесуімен үлгілік сұрақ-жауаптың базасы құрылады, олар ары қарай ҰКП және АШМ сайттарында жарияланады.

 Жиын барысында инженерлік желілерді цифрландыру бөлігінде табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты заңнамаға енгізілген негізгі түзетулер қарастырылды.

 Жиынды қорытындылай келе Юлия Якупбаева инженерлік желілерді түгендеу үшін табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын ақпаратқа бірыңғай техникалық талаптарды әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар қолданушылардың ыңғайлығы үшін мемлекеттік органдарға табиғи монополиялар субъектілері және Инфрақұрылымдық деректердің бірыңғай платформасының ақпараттық жүйелерін біріктіру мәселесін қарау ұсынылды.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер