Эльдар Жұмағазиев: Санитарлық талаптарға сәйкестік актісі жауапкершілік танытқан бизнестің үлгісі болуы керек
2020 жылдың 21 тамызында іске қосудан кейін 7 күн ішінде www.infokazakhstan.kz порталына 200 мыңнан астам өтінім келіп түсті
Онлайн-ресурс кәсіпкерлік қызметті жедел жаңарту мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бастамасымен іске қосылды.
«Індетке шалдыққандар санының күрт өсуі есімізде, сондай-ақ жалпы эпидемиологиялық ахуал күрделі болды. Бақылаушы органдармен талқылау жүргізу барысында, әсіресе алғашқы карантиннен кейінгі теріс тәжірибені ескере отырып, қатер деңгейі жоғары еді. Бизнес жұмысын бастауы үшін тексеру алгоритмдері енгізілетіні талқыланды. Біз бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, келіссөздер жүргізіп, бақылаушы органдарға InfoKazakhstan порталын енгізу тиімді болатынын сендіре алдық. Портал бизнесмендер, реттеуші органдар және қоғам үшін бірыңғай алаңға айналды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жұмысты жаңарту хабарландыру тәртібінде, сондай-ақ рұқсат ету тәртібінде іске асырылады. Осы ретте сауда орталықтары, базарлар, әуежайлар, автовокзалдар, пенитенциарлы жүйе ұйымдарынан бөлек кәсіпкерлік субъектілері қызметін тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жаңарта алады.
«Біздің бағалауымыз бойынша, бизнес түрлерінің 97 пайызы жұмысты хабарландыру тәртібінде қайта бастай алады. Бүгінде келіп түскен 200 мыңнан астам өтінім ішінен шамамен 158 мың субъект сайттағы жеке кабинет арқылы бірнеше минут ішінде хабарландыру тәртібінде санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алып үлгерді», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев. «InfoKazakhstan порталындағы жеке кабинет уақыт өте келе барлық жаңашылдықтар, алгоритмдер, өзекті нормативтік актілер туралы бірыңғай ақпараттық дереккөзге айналуы тиіс. Сонымен қатар біз ресурсты мониторингтік топтың тексеру жүргізуі туралы жаднамалармен толықтырмақпыз», – деді спикер.
Тіркелген 200 мыңнан астам өтінімнің 30 мыңнан астамы Алматы қаласынан, 18 мыңнан астамы – Шығыс Қазақстан облысы, 17,3 мыңы – Қарағанды облысы, 16,3 мыңы – Павлодар облысынан келіп түсті.
InfoKazakhstan порталына келіп түскен деректер өтінімдерді тексеру, мониторингтік топтың тексерумен шығу кестесін құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерімен ғана өңделіп, жинақталатынын атап өткен жөн.
«Портал арқылы алынатын деректер нәтижесі бойынша басқа да қосымша тексеру іс-шаралары жүргізілуіне қатысты алаңдаушылықтың болу ықтималдығын түсінеміз. Мониторингтік топтар хабарландыру тәртібінде сәйкестік актісін алған бизнес нысандарына нақты сигнал немесе қажеттілік болмаса тексерумен бармайтыны жайында мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқым келеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.
«Атамекен» ҰКП бірыңғай байланыс орталығына (1432), сондай-ақ өңірлік қолдау қызметтеріне 15-21 тамыз аралығында портал жұмысына қатысты 30 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Сұрақтардың басым бөлігі өтінімді жіберу, техникалық мәселелер, снаитарлық норма талаптарына қатысты.
«Бас санитарлық дәрігер қаулысының шарттары бойынша бизнес өкілдері локдаун кезеңінде жұмысының тоқтауы-тоқтамауына қарамастан Infokazakhstan сайтында тіркеуден өтуге міндетті. Мұндай шешім кәсіпкерлердің барлығында тең алгоритмдер болып, ал тұтынушы санитарлық нормаларға сәйкестік актісіне қарай бағдарланып, өзін қауіпсіз сезінуі үшін қабылданды. Аталған құжат жауапкершілік танытқан бизнестің үлгісі болуы керек. Бизнестің өзін-өзі реттеуі, айыппұл салу саясатынан қоғамдық бақылауға қарай ауысу – тұрақты трендке айналуы тиіс», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі.
Бір апта бойы портал қызметі тұтынушылардың ұсыныстарын ескере отырып, жетілдірілді. Маңызды жаңашылдықтар ішінде: мемлекеттік тілде толық нұқсаның іске қосылуы, санитарлық нормаларға сәйкестік актісін қазақ тілі және орыс тілінде беру. Бұдан бөлек, сайт қолданушыларында рұқсат алуға өтінім қате толтырылса оны кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Портал жұмысына қатысты бизнесмендерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы (қоңырау шалу тегін) жұмыс істейді.
Сонымен қатар өзекті сұрақтарға жауап беру үшін t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: