«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының шілде айында атқарған 5 табысты ісінің нәтижесі 

2020 жылғы 12 Тамыз
- Алматы қаласы
4242 просмотров

Бүгін онлай-конференция барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қатаң карантиндік режім басталған уақытта, палата тарапынан атқарылаған жұмыстарды айтып өтті.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 10 тамыз аралығында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан, Кәсіпкерлер арасында онлайн сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сауалнамаға жалпы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларынан 9 мыңнан аса бизнес субъектісі қатысты. 

«Жүргізілген онлай-сауалнама жұмыстары бізге кәсіпкерлер арасындағы 2 басты мәселені анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында табыстың толық жоқтығы және бизнестің жабылу ықтималдығы. Кәсіпкерлер тарапынан түскен басты мәселелерді шешу үшін әкімдікпен және «Атамекен» ҰКП орталық аппаратпен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқарылды», - деп айтып өтті Палата директоры.

Оның алғашқысы - азаматтардың 42500 тг бірыңғай әлеуметтік төлем алу бойынша өтініштері. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап, қатаң карантиндік режім басталды. Осыған орай, жұмысы тоқтатылған  жұмыскерлер тарапынан штабқа әлеуметтік төлем алу бойынша өтініштер келіп түсті.

Бұл аталған қаражаттарды жалдамалы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша қызмет көрсететіндер (фрилансерлер) ала алды.

«Бүгінгі таңда аталған әлеуметтік көмекті алу үшін штабқа 71758 өтініш (112 702 адам) түсті, оның ішінде жеке кәсіпкерлерден 60 187 - 85% өтінімдер мақұлданды (96657 адам)», - деп ақпараттандырды Нариман Әбілшайықов

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша,  төтенше жағдай және жалғасып жатқан карантин режимінде Алматылық кәсіпкерлер форс-мажорлық сертификаттарға жүгінген.

«Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 5388 кәсіпкерге форс-мажорлық сертификаттар берілді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен бөлшек және көтерме сауда үшін дәрілік заттың сауда атауына баға бойынша талдау жүргізілгенін атап өтті.

«6 478 дәрілік заттың 325 бірлігінің бөлшек саудада өткізуге нөлдік үстеме бағасы бар екендігі анықталды (көтерме сауда бағасы бөлшек саудаға тең). Осыған байланысты, осы дәрі-дәрмектерге қатысты фармацевтикалық бақылау органдары шекті бағадан асып кеткен кәсіпкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған болатын. Осыған байланысты Палата ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығының күшін жою туралы мәселеге бастамашылық жасады», - деп оңтүстік астананың ӨКП директоры сөзін қорытындылады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер