«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП жанынан дағдырысқа қарсы азаматтық штаб құрылады

2020 жылғы 08 Шілде
4155 просмотров

Медициналық ұйымдар мен зертханалардың шамадан тыс жүктелуі, дәрі-дәрмек тапшылығы, халықпен кері байланыстың болмауы – форс-мажорлық жағдай ғана емес, сондай-ақ ағымдағы процестер мен нормативтік-құқықтық актілердің жетілмегенінің нәтижесі

 Ұсыныстарды жедел өңдеу мақсатында «Атамекен» елдегі COVID-19 індетіне байланысты эпидемиологиялық ситуацияны үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.

 «Біз Алексей Цой атына хат жолдап, жедел жұмыс тобы мен үш қосалқы топ құруды, оның құрамына жеткізушілер, бизнес өкілдерін, мүделлі депутаттар, белсенділерді қосып, азаматтық штаб құруды ұсындық. Күн сайын дәрі-дәрмекпен, ауруханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешу қажет, министр мұны көруі керек. Біз үшін тағы бір маңызды мәселе – бизнеске арналған санитарлық нормалар. Бірнеше санитарлық дәрігерді бөлуді сұраймыз, бізде локдаунсыз ситуацияны  қалай бақылауға болатынын айта алатын сарапшылар, кәсіпкерлер бар», – деді тікелей эфир барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Жұмыс тобы аясында үш қосалқы топ құру ұсынылады:

-зертханалық секторды қоса алғанда, COVID-19 ауруының көбеюі жағдайында халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру жөніндегі топ;

- фармацевтика индустриясын, соның ішінде дәріханалар секторын дамытудың түйткілді мәселелері жөніндегі топ;

-барлық қызмет салалары объектілеріне қойылған санитарлық талаптарды ұстану мәселелері жөніндегі топ.

 Бұдан бөлек, Ұлттық палата Асқар Маминнің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссияға бірқатар ұсыныс жолдады:

  1. «Науқас-Жедел жәрдем-Бастапқы медициналық-санитарлық көмек-Диспансерлік есеп картасы-Диагностикалау-Стационар-Үйдегі стационар-Бастапқы медициналық-санитарлық көмек» нақты алгортимін әзірлеу.
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтер құрылымын қайта қарау.
  3. Халық, дәрігерлер, медициналық ұйымдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ базасында бірыңғай диспетчерлік кеңес беру орталығын ашу.

 «Бүгінде Қор барлық ауруханалармен цифрлық жүйе арқылы байланысы бар жалғыз ұйым екенін түсінеміз. Осы арнаны кеңес алу және кері байланысты орнатуға қолдануға болар еді», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 4. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС шеңберінде «COVID-19» және «өкпе қабынуына» шалдыққан азаматтарға дәрі-дәрмектерді жедел жеткізуді тегін қамтамасыз ету.

 5. Медициналық препараттар мен медициналық заттарды тіркеу процедурасын жедел қайта қарау. Әлемде COVID-19 жағдайымен туындаған жағымсыз факторларды ескере отырып, бағаны түзетуді жүргізу (логистка, шикізат, басқа елдер тарапынан дүрлікпе сұраныс, курс өзгеруі және т.б.).

 «Барлығы түсінкті, бізде 8 мың дәріхана,  100-і ішінен – 20 ірі дистрибьютор бар. Барлығы жұмыс істеуге және көмектесуге дайын, бірақ бізде баға деңгейі бақыланады. Импорттаушылар дәрілерді өздеріне шығын келтіре отырып, әкеле алмайтындығын, курс өсіп, бағалар мен тарифтерді ешкім қайта қарамағынын алға тартуда.   Мен бағаларды халыққа көтеруді емес, бағаларды субсидиялауға болатынын айтып отырмын. Ресей, Еуропадағы бағаларды, логистиканы қоса есептеп салыстырып, бізде не шығатынын қарау керек», – деді ҰКП Басқарма Төрағасы.

 6. Өндірушілер, жеткізушілер мен мемлекеттік органдарға сатып алу/өндіру бойынша түсінікті бағдар қалыптастыру.

7. COVID-19 зертханалық диагностикалауын ИФА/ИХЛА/ЭХЛА әдістерімен толықтыру.

 8. Әлеуметтік қорғалмаған халықты маскалармен, кәсіпорындар және бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жеке қорғаныш құралдары құнын ішінара өтеуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыру. Сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік жиынтықтары түрінде көмек көрсету.

 Бизнес субъектілерінің басым бөлігі мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары, өнеркәсіптік кәсіпорындарға белгіленген қатаң санитарлық шаралар мен нормаларды ұстанып, пандемияға қарсы күресуде. Бизнеске арналған санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды белгілеу және мониторингілеу процедураларын жетілдіру қажет. Бизнес-қоғамдастық бұл мәселелерді сәуір айынан бері көтеріп келеді. Кәсіпкерлер мониторинг мәселесінде адами фактордан бас тарту, цифрлық форматқа өтіп, және кәсіпорындардың электронды санитарлық паспортын енгізу қажеттігін түсінеді.    

Екі апталық локдаунды енгізу 1,7 млн адам жұмыс істейтін, соның ішінде ШОБ үлесі 1,3 млн адамды құрайтын бірқатар бизнес түрі үшін жұмысты мәжбүрлі тоқтату болып отыр.

  «Атамекен» ҰКП осыған байланысты Үкіметке келесі шараларды ұсынды:

  1. Зардап шеккен салалардың бірыңғай тізімін өзектендіру.
  2. Тиісті индексикация жүргізіп, әлеуметтік төлемдерді анықтау.
  3. Несиелер (реструктуризация), коммуналдық қызметтер, жалға алу және салық төлемдерін кейінге шегеру мәселесін қайта қарау.  

 «Жұмыс тобы шаруаға ертең кірісіп, оның құрамына мемлекеттік органдар кіреді деген үміттемін. Бастысы – талқылау ғана емес, жаңа ұсыныстар іске асырылғаны керек. Бұл бизнес, мемлекеттік органдар мен сарапшылар орын алған ситуациядан аз шығынмен шығуға көмектесетін құжаттар мен ұсыныстарды  қорыта алатын дағдарысқа қарсы азаматтық штаб болмақ», – деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер