«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда карантиндік шаралар күшейтілді

2020 жылғы 19 Маусым
- Павлодар облысы
4921 просмотров

Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен карантиндік шаралар Павлодар, Екібастұз қалаларында 20-21 маусым аралығында қатаңдатылды

Сауда және ойын-сауық орталықтар, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түліктік, азық-түліктік емес базарлар, құрылыс материалдары дүкендері жабылды.

Сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік бөлімдеріне санитарлық-дезинфекция режимін күшейту, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілді

Қоғамдық тамақтану орындарына даладағы алаңқайларда келушілер саны 30 адамға дейін көлемде сағат 22:00-ге дейін рұқсат етілген. Сондай-ақ тамақты тапсырысқа беруге санитарлық-дезинфекция режимін күшейту, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қызмет көрсету объектілері: косметология, сұлулық салондары, шаштараз, ТЖО, дөңгелек жөндеу, көлік жуу және басқа нысандарға жұмыс істеуге тыйым салынды. Стационарлы емес тамақтану орталықтары да жабылды. ХҚКО, «Қазпочта» АҚ, екінші деңгейлі банктер, микронесиелеу орталықтары және ломбардтардың қызмет етуіне тыйым салынды.

Қоғамдық орындар: саябақтар, алаңқайлар, жағалаулар, жағажайлар жабылды. Қоғамдық көлік, өзен бойғы көлік қызметі шектелді. 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруі шектелді. 14 жасқа дейінгі балалардың ата-анасыз жүруіне шектеу қойылды.

Көпшілік жиналатын орындарда (тұрғын сектор, саяжай, қоғамдық көлік, балалар алаңқайлары, спорт алаңдары) маска кию режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталуына  патрульдік бақылау жүргізілді.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер