«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша МРТ кабинеті ашылды

2020 жылғы 16 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
9796 просмотров

Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Жобалық алқа 189 жобаға сүйемелдеу көрсетуде. Берілген несиелер бойынша сома 25 млрд теңгеден асты. Орал өңірінде мемлекеттік қолдауды негізінен агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындар қолданып жатыр. Қызмет көрсету саласы да жеңілдікпен несие алуға өтініштер беруде

 «Талап» АҚ медициналық орталық мемлекеттік бағдарламаға алғаш рет қатысып отыр. Тиімді несие денсаулық сақтау мекемесіне кәсіпорынды модернизациялауға және МРТ кабинетін ашуға мүмкіндік берді, енді пациенттер кешенді тексерілуден өте алады.

«Медициналық орталығымзда «Siemens Magneton» жаңа магнитті-резонансты томограф бар. Мұндай аппарат әзірге Қазақстанда біреу ғана. Диагностикалық мүмкіндіктер кеңейіп, дененің әр мүшесіне ми, буын, омыртқа, іш қуысына және жамбасқа дейін зерттеулер жүргізілуде. МРТ кабинеті толық жұмыс күні жұмыс істейді. Бізге түрлік өңірден мамандар келді, скан жазбаларды қарады, көрінуі өте сапалы. Үш білікті дәрігер жұмыс істейді», – деді «Талап» АҚ медицина орталығының рентгенолог дәрігері Эльнара Сабанова.

2019 жылдан бері ӨКП жанынан жұмыс істейтін Жобалық алқа 9,9 млрд теңгеге 164 жобаны мақұлдады. Қарауда 2,8 млрд теңгеге тағы  13 жоба бар.

«Жағдай, халықтың сұранысына қарай әр жоба жекелей қарастырылады. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасына орта және ірі бизнес қатысып жатыр. Жеңілдікпен несие жылдың 6 пайызбен беріледі»,  – деді БҚО ӨКП Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі бөлім сарапшысы Наталья Недовизий.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер