«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда кәсіпкерлер нарық және ресурстардың ахуалын қалай бағалайды?

2020 жылғы 05 Мамыр
6340 просмотров

«Атамекен» ҰКП 2019 жылға «Іскерлік ахуал» рейтингінің нәтижесін таныстырды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты түрде «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін жүргізеді. 2019 жылы «Іскерлік ахуал» тәуелсіздік рейтингін жүргізу әдістемесі бизнес-қауымдастық, инвесторлар мен мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін талқылау және талдау нәтижелерін ескере отырып жетілдірілді. Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу жағдайын талдау мен салыстыру: нарық және ресурс жағдайы, нарықтық инфрақұрылым, даму және сату келешегі, ішкі ресурстар, технология және өндіріс, мемлекеттік қолдау, әкімшілік реттеу сияқты жеті фактор негізінде жүргізілген.

 ҰКП сарапшыларының мәліметтері бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, «кінәлілерді іздеу» және «жазалаудан» кетіп, Қазақстанда бизнестің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасаудың құрылымды мақсаттарына және үздік бизнес үшін шешім қабылдау мүмкіндігіне ауысу. Сонымен қатар жобаның мақсаттық топтарды іріктеуі өзгертілді. Енді қызметін ең кемі үш жыл жүргізіп келген, ұйымдастырушылық тұрғыда тұрақты, бенчмарк-топқа база құратын үздік/табысты компанияларға сауалнама жүргізу негізге алынады.

 Тұтастай алғанда, жоба шеңберінде 2019 жылдың қыркүйек-қараша айларында 3 мыңға жуық шағын және орта кәсіпорын арасында сауалнама жүргізілді, 17 өңір кескінінде 100 негізді сұхбат алынды. Жоба іске асуының айтарлықтай жоғары деңгейі сауалнамаға ЖШС-лардың қатысуы арқылы қамтамасыз етілді (қатысушылардың жалпы көлемінен 59%).  Мәселен, 2016 жылғы іскерлік ахуал зерттеуінде ЖШС үлесі 45 пайызды құраған. Сондай-ақ сауалнамаға АҚ өкілдерінің 2,7%-ы қатысты. Бұл шамамен қатысушылардың 60 пайызын құрайды.

 Кәсіпкерлер нарық пен ресурстар ахуалын қалай бағалайды?

 Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу жағдайын факторлар кескінінде салыстыру келесіні көрсетті. «Нарық пен ресурстар жағдайы» факторы кәсіпкерлерге сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша барінен жоғары бағаланды.

 Аймақтар бойынша факторлық бағалау индикаторларын салыстырмалы талдау келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:  бірде бір өңірде баға үш балдан аспады, барлық өңірде бизнес жүргізу жағдайы ретінде нарық пен ресурстар ахуалы «рұқсат етілетін жағдай» деңгейінде бағаланады.

 «Нарық және ресурстар ахуалы» факторын бағалаудың жоғары көрсеткіштері Қостанай, Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелген.

 Ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалған.

 Нарық жағдайын талдаудың негізгі қорытындысы

 Осы көрсеткіш бойынша нәтижелерді талдау көрсеткендей, заңды тұлғалар үшін желілерге қосылу қолжетімділігі жақсы бағаланған, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарында меншікті сатып алуға арналған объектілер инфрақұрылымының қолжетімділігі төмен бағаланған. Сауалнама «ересек» ЖШС осалдығын көрсетті, олар өздерінің ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктерін толық деңгейінде қолдана алмайды: мысалға, «Шикізаттық және қаржылық ресурстар қолжетімділігінің өзгеруі» субфактор бойынша ЖШС-ларда индекс жеке кәсіпкерліктерден төмен.

 Экономика мен нарықтың жалпы жағдайын субъективті бағалау Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарында жақсы, ал ШҚО, СҚО және Жамбыл облысында төмен. Жеті өңір (Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) заңды тұлғаларға желілерге қосылу қолжетімділігін орташадан төмен бағалады. Ғылыми және техникалық қызмет пен ауыл шаруашылығына басқа барлық кәсіпкерлерде жақсы бағалар көрсетілген. Электр энергияға және сумен жабдықтауға қосылу басқалардан жақсы, бәрінен төмен – газбен жабдықтау.

 Несиелері/қарыз қаражаты барлардың үлесі бұрыңғы деңгейде қалған (2016-19 жж.) 2019 жылы займдар екі негізгі бап – айыналым қаражатын толықтыру (43%) және бизнесті кеңейтуге (42%) пайдаланылған. Осы ретте ұйымдардың 15 пайызында несие жабуға барлық қаражаты жұмсалып жатыр.

 Жаңа қызмет көрсету орталықтарын, банк филиалдарын ашу бойынша жұмыс Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Ақтөбе облыстарында жақсы бағаланған; білім беру, денсаулық сақтау және қаржы мен сақтандыруда.

 Тұтастай алғанда, «Нарық және ресурстар ахуалы» факторы (2,63) экономикалық қызметтің жалпы жағдайын суреттейді. Субфакторларды бағалау айтарлықтай шашыраңқы (1 балл). Меншікті сатып алуға объектілер инфрақұрылымы қолжетімділігі нашар бағаланған.

   «Нарық және ресурстар ахуалы» факторы бойынша ұсынымдар

 Алынған мәліметтер нәтижесінде ҰКП сарапшылары бірқатар нақты ұсынымдарды ұсынады. Бірінші кезекте мемлекеттік даму стратегияларын аймақтық экономика мен жергілікті нарық жағдайларына бейімдеу. Екіншіден, өңірлерге инвестициялар, жобаларды басқару және қолдау саласындағы кәсіби мамандарды тарту. Ұсыныстар қатарында – халықтың (кәсіпкерлер мен тұтынушылардың) көрші елдерге айтарлықтай кету қаупін ескере отырып, бизнестің кең сегменттері үшін трансшекаралық ынтымақтастық бойынша экономикалық саясатты әзірлеу. Сондай-ақ ҰКП мамандары өңірлік нарықтардағы құлдыраудың жалғасуын тұрақтандыру мақсатында қаражатты беру мен пайыздық мөлшерлемені бақылауды қамтамасыз етіп, екінші деңгейлі банктер арқылы жеке өндірістер мен бизнестерді қаржыландырудың жаңа бағдарламаларын енгізуге қатысты жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы айтуда. ҰКП сарапшыларының пікірінше, жаңа тарифтік емес ережелер мен шарттарды тәуелсіз енгізу тұрғысынан монополистерге бақылауды күшейту – нарықты жақсарта түседі.

 Сонымен қатар апаттар мен коммуналдық қызмет көрсетуде үзілістер болғаны үшін монополистерге айыппұлдарды қатаңдату маңызды шарт деп айтады. Кәсіпкерлер ортасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық сауатсыздықтың төмендеуі бизнес дамуының маңызды шарты, деп санайды ҰКП мамандары.

 Саян Абаев

Дереккөз: inbusiness.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер