Экспорттық бидай: трейдерлер квота ережесін күтіп отыр
15 сәуірде «Атамекен» алаңында ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың төрағалығымен бидай экспорттаудың түйткілді мәселелеріне қатысты онлайн жиын өтті. Жиынды ашып, Эльдар Жұмағазиев негізгі мәселелерді атап өтті.
«Әзірге жүк жөнелтушілер экспорттық өнімдерге тыйым салу және квоталау туралы бұйрық енгізілгенге дейін қажетті құжаттарды рәсімдеуге үлгермеген вагондардың тағдыры шешілген жоқ. Бұйрыққа сәйкес екінші мәселе - дәнді дақылдарды өздерінің лицензияланбаған қоймаларында сақтап отырған экспорттаушылар квотаға қатыса алатыны жайында кәсіпкерлерде мәлімет жоқ».
Талқылаудың бірінші мәселесі – экспорттауға өніммен, соның ішінде бидаймен тиеліп, станцияларда тұрып қалған вагондар. Осыған дейін бұл мәселе 7 сәуірде өткен жиында көтерілген болатын. Тыйым салу туралы бұйрықтың шығуына дейін бір-екі күнде мемлекеттік органдар рұқсат құжаттарды рәсімдеуді тоқтатты да вагондарды беру бұғатталды. Яғни 2 сәуірге дейін бұйрық қабылданға дейін станцияларда өнімді өткізуге дайын 900-ға жуық вагон болған.
«Біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік, вагондар 2 сәуірге дейін жүкпен тиеліп қойылған болатын, қазіргі таңда оларды босату мүмкін болмай отыр», - деп NurlyZholTrade ЖШС бас директоры Қанат Көбесов трейдерлердің мәселесін көтерді.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінен мамандар байланысқа шыққан, мәліметтерді жинақтап, мәселе шешілетіні жайында сендірген, бірақ әлі күнге дейін вагондар тапжылмай тұр.
Бұл мәлімдемеге Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі жауап берді.
«Принцип, санау нүктесі - 2 сәуір. Біз тұрған вагондар 6 компаниянікі, олар 2 өтінімдерді 2 сәуірге дейін бергені жайында КТЖ-ның растауын күтіп отырмыз. Осыған дейін өтінім берген вагондар саны басқаша болды, ал қазір өтінімдер берушілер саны артқаны жайында фактілер бар. Сондықтан - деді ҚР АШМ өсімдік өнімін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов - әр өтініш берушімен жекелей жұмыс істейтін боламыз».
6 компанияның 76 вагоны әлі күнге дейін жіберілмегені жайында “ҚТЖ-Жүк тасымалдары” АҚ тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов хабарлады. ҚТЖ өкілі қалған компаниялар жайында ақпарат берілгенін, тасымалдаушы тарапынан экспортқа бидайды жеткізу бойынша кідіру фактілері жоқ екенін айтты.
“Қазақстан астық одағы” ЗТЮ президенті Нұрлан Оспанов экспорттаушыларды: өнімді тасымалдауға қажетті барлық құжаттары барларға және 2 сәуірге дейін жүк тиеп қойса да фитосертификаттарды алып үлгермегендер деп екіге бөлу қажеттігін алға тартты.
Басқа бизнесмендер – Астық одағының қатысушылары, сондай-ақ жекелеген экспорттаушылардың пікірінше, аталмыш проблема техкомпанияларға ғана қатысты болған жоқ. Компаниялар үшін мәселені шешудің бір жолы ережеге сай бидайды лицензияланған қоймаларға жедел түсіру болды. Осылайша оларға квоталанған трейдерлер қатарына ену мүмкін болды.
Бірақ, барлық компаниялар бірдей тез әрекет ете алмады.
Жүкті түсіруге қатысты мәселелерді қорытындылай келе Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі қолданыстағы өтініштер бойынша қазіргі таңда және ары қарай ведомство мәселені шешуде атаулы әдіс қолданатынын айтты.
«66 компания болды, қазір 5-6-ы ғана қалды» - деді Азат Сұлтанов.
Қатысушылар бәріне ережелерді мұқият ұстану керек және мамырдағы квотаға дайындалуға уақыт қажеттілігі бойынша ортақ пікірге келді. Бұл жерде квота рәсімінің детальдары өте маңызды.
Экспорттаушыларда бидай экспортына квотаны беру туралы бұйрықты түрлі тәржімалау қалыптасқан: жаңартылған бұйрықтың бір тармағында астық қолхатынан басқа құжаттармен астықтың болуын растау мүмкіндігі көрсетілген, яғни лицензияланбаған қоймалардан қойма куәліктерін алуға мүмкіндік береді. Басқа тармағы алдыңғы тармаққа кереғар: онда диірмендерге бидай жеткізілетін лицензияланған элеватор туралы ақпаратты беру қажет екені айтылған.
Ары қарай «Атамекен» ҰКП АӨК департаментінің директоры Нұрлыбек Мұқанов лицензияланған қоймалар мен қарапайым қоймалар арасындағы айырмашылықты тсүіндіріп өтті. Мұнда элеватор жабдықталуы бағасына байланысты. Жабдығы қымбат лицензияланған қоймаларда айтарлықтай төмен. Астық сақтау нарығында арзан қоймалардың үлесі айтарлықтай орын алады.
Осыдан Кәсіпкерлер палатасына көптеген өтінім келіп түскен - қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізу немесе бидай қоймасынан қойма анықтамасы бойынша квоталауға қатысу мүмкіндігі бойынша түсіндірме беру.
Осындай ұсыныстармен салалық сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтінім жасады. Мұқанов таныстырылымда қойманың жабдықталуы - орынжай, авто, жабдық, есеп журналы және шаруа қожалықтармен көлемге келісімшарт бойынша міндетті стандартты ұстану ұсынылып жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек күн сайын - бидай туралы мәліметтерді өкілетті органға беру.
Лицензияланбаған қоймалардан бидайды квоталауға жіберген уақытта фитосанитарлық нормаларды сақтауда қатерлер жоғарылайды.
“Бидайдың тіршілік циклы процестерін ұстану, бидай қайдан тиелгеніне қарамастан оның қауіпсіздігіне талаптарды орындау қажет”, - деп атап өтті Нұрлан Оспанов.
Ауыл шаруашылғы министрлігінің өкілі ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілімдердің көлемі - 30% лицензияланған элеваторларда болып, астық қолхаттармен расталуы керек деп жауап берді. Қалған көлем бойынша трейдерде бидайдың сапасы мен көлемін құжаттармен растауға мүмкіндігі болады.
Азат Сұлтановтың түсіндіруінше, жуық арада лицензияланбаған қоймаларда бидайдың болуын растауға қажетті құжаттар тізбесі анықталып, жарияланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: