Тауарларды жаппай таңбалау – тиімсіз
«Атамекен» ҰКП мамандары көлеңкелі айналым деңгейі жоғары тауарларды ғана таңбалау орынды деп санайды
Бұл туралы таңбалауды енгізудегі тәуекелдер мен перспективалар жөніндегі дөңгелек үстел барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт айтты. Дегенмен, жаппай таңбалау үдерісі мен хабарландыру тәртібіндегі Таңбалауды енгізу жөніндегі келісім нормалары отандық бизнес өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ одақ бойынша әріптестердің наразылығы мен алаңдаушылығын тудыруда.
«Бүгінде одаққа мүше кез келген мемлекет біржақты тәртіпте таңбалауды бастамалай алады. Бизнестің құзыретінде екі жол бар: таңбалауды қолдау немесе бас тарту. Егер мемлекет қолдау білдірмесе, онда бұл елге таңбалауы бар ел нарығына шығуда жаңа шарттар түрінде кедергілер жасалады», – деді Евгений Больгерт.
Әзірге норма ішкі өзара сауданы шектеу тәуекелдерін болдыртпау үшін одаққа мүше басқа елдерді өз мемлекеттерінде таңбалауды енгізуге мәжбүрлеуде, бірақ сол ел үшін экономикалық мақсаттылығын ескермейді.
«Бүгінгі таңда бизнес-ортаға әсер ететін барлық факторларды ескеретін таңбалауды енгізудің орындылығына жан-жақты талдау тиісті деңгейде жүргізілмейді. Мысалы, теріні таңбалау бойынша пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсетті, нарықты тазартуға мүмкіндік жасалды, бірақ бұл көрсеткіш үлгі бола алмайды, өйткені тері өнімдері күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері емес, қымбат тұратын тауар», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Палата осыған дейін әлеуметтік мәндегі тауарларды қоса алғанда, жаппай таңбалаудың мақсаттылығын көтерген болатын. Евгений Больгерттің пікірінше, бұл механизмді кезең-кезеңмен енгізген жөн.
«Таңбалауды соңына дейін енгізуге ешкім дайын емес, әлі күнге дейін елдердің ақпараттық жүйелері біріктірілмеген, таңбалауға арналған өнімдердің бірыңғай каталогы жоқ. Қазақстанда тиісті инфрақұрылым жоқ, өйкені біз толығымен онлайн-бақылау-кассалық машиналарға өтпедік, электронды цифрлық қолтаңбаны тануға қатысты проблемалар бар. ЕАЭО елдері таңбалауды бір елдің аумағында болсын, одақ аясында болсын жаңа шектеулерді болдыртпай, қолданыстағы өзара сауда рәсімдерін нашарлатпай енгізу туралы шешім қабылдауға келісуі керек», – деп қорытындылады Евгений Больгерт.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: