Райымбек Баталов Францияда өткен халықаралық ірімшік өндірушілер байқауының финалистерімен кездесті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Райымбек Баталов Францияның Тур қаласында өткен Le Mondial du Fromage халықаралық ірімшік өндірушілер байқауының қазақстандық финалистерімен кездесті. Кездесуге Руслан Соколов пен Эльвира Мукашева қатысты – екеуі де «Бір ауыл – бір өнім» (ОСОП) жобасының финалистері. Райымбек Баталов кәсіпкерлерге отандық ірімшік өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін және Қазақстанды халықаралық деңгейде табысты таныстырғаны үшін алғыс хаттар табыстады.
«Сіздердің жетістіктеріңіз көптеген қазақстандық кәсіпкерлерге шабыт береді. Сіздер біздің өнімдеріміздің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп отырсыздар. Бұл – еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыздың және отандық өндірістің сапасына деген сенімдеріңіздің нәтижесі», – деді Райымбек Баталов.
Руслан Соколов – 2025 жылғы аймақтық БАБӨ байқауының жеңімпазы, Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының тұрғыны, өз әсерімен бөлісті.
«2018 жылы мен алғаш рет ірімшік қайнатуға тырысып жатқанымда бір күні осылай Қазақстанды халықаралық деңгейде таныстырамын деп ойлаған да жоқпын. Франциядағы байқауға қатысу мен италиялық шеберлерден білім алу арқылы біз де әлемдік деңгейдегі ірімшіктер өндіре алатынымызға көзіміз жетті», – деді Руслан Соколов.
Бүгінде Соколовтар отбасының шағын зауыты тәулігіне шамамен 1000 литр сүт өңдеп, тома, чеддер, пекорино, фонталь, эмменталь және жергілікті «Қатаркөл» ірімшігі секілді 40 түрлі ірімшік шығарады. Өнімдер Қазақстанның түкпір-түкпірінде сатылады. Cheese Open 2024 және Le Mondial du Fromage халықаралық байқауларында кәсіпорын бірнеше алтын, күміс және қола медаль иеленді.
Эльвира Мукашева, Жамбыл облысының тумасы, қазір Көкшетау қаласында тұрады. Ол өз кәсібі туралы айтып берді.
«БАБӨ жобасы мен мемлекеттің қолдауы бізге дамуға мен кәсіби тұрғыдан жетілуге мүмкіндік берді. Түйе сүтінен жасалған менің авторлық «Қымызхан» ірімшігім Францияда алтын медаль иеленді – бұл қазақстандық өнімдердің халықаралық деңгейде мойындалғанының дәлелі», – деді ол.
2023 жылдан бері Эльвира жодасымен бірге табиғи ірімшіктер өндірумен айналысады. Қазір олардың өндірісінде 10-нан астам ірімшік түрі бар – классикалық бурратта мен моцарелладан бастап түйе сүтінен жасалған ерекше ірімшіктерге дейін. 2024 жылдың күзінде өткен Cheese Open 2024 байқауында Эльвира ұсынған алты ірімшіктің төртеуі марапатқа ие болды, соның ішінде біреуі алтын медаль алды.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы (БАБӨ) «Атамекен» ҰКП және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі JICA серіктестігімен жүзеге асырылуда. Жоба өңірлік кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған және бірегей өнімдер жасап, жергілікті брендтерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
Руслан мен Эльвираның табысты тарихы – осы жобаның ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, қазақстандық өнімдерді әлемдік деңгейде танытуға жол ашатынының айқын дәлелі.

 
                        

 
                                                                 
                                                                 
                                                                 
                                                                 
             
             
             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                            
Пікір қалдыру:
Пікірлер: