«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жекеменшік балабақшалар 1 жастан асқан балаларға дотация сұрайды

2020 жылғы 18 Ақпан
- Астана қаласы
14317 просмотров

Елорданың жекеменшік балабақшаларының иелері жан басындағы қаржыландыруды 3-6 жас аралығындағы балаларға ғана емес, сондай-ақ 1-3 жастағы бүлдіршіндерге де қолдануды сұрайды   

 Бұл мәселе бүгін Ирак Елекеевтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

 Қазіргі таңда білім беру саласында  ҚР білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген. Бағдарлама мақсаттарының бірі қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу. Аталған мәселеге жету келесі индикаторлармен өлшенеді: 2020 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту: 1-6 жас аралағындағы балалардың 85,3%-ын, 3-6 жас аралығындағы балаларды – 100%-ын қамту. Осы мақсатты индикатордың жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы орган және ҚР Білім және ғылым министрлігі жетекшілік етеді.

 «Білім беру басқармасы атап өткендей, Мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері мен жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жергілікті атқарушы органның басым міндеттерінің бірі – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды оқытумен қамту болып отыр. Қазіргі таңда елордада 3-6 жастағы балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамту 98,4%-ды (55 708 бала) құрайды, қосымша қажеттілік 2,4 млрд теңге сомасында 7000 мектепке дейінгі орынды құрап отыр. Осы ретте әкімдіктің статистикасы бойынша 2 жастағы балалардың жалпы саны 9 057 бірлікті немесе мектепке дейінгі мекемеге баруды қалайтындардың 60%-ын құрайды, бұған қосымша 3,3 млрд теңге қажет етіледі. Осылайша 1-3 жастағы балаларды қамтудың түйткілді мәселесі жергілікті деңгейді шешілмей отыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

 Осы ретте Мемлекеттік бағдарламада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларды 1-3 жас арылығы және 3-6 жас аралығы бойынша бөлудің нақты анықтамасы жоқ. Осыған байланысты елорданың Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарламаны жас ерекшелігіні категориясының орындалуы пайыздық қатынастарсыз бір мезгілде жүргізілуі керек деп санайды. Сондай-ақ бағдарламада өңірлік ерекшелік, халық арасындағ ескеру қажеттілігі көрсетілген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Үздіксіз білім беру қазақстандық қауымдастығының директоры  Айшат Вагапова  2-жасар балаларға дотацияға қаражатты игерілмеген ақшадан алуға болатынын атап өтті. 

«Біз қосымша қаржыландыруды сұрамаймыз, біз қолданыстағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сұрап отырмыз. Мәселен, 100 орынға мемлекеттік тапсырыс бар делік, әр айға 3-жасар балалардың 80-ы ғана келеді, 20 орын бос қалады, міне осы орынға 2-жасар балаларды алуға рұқсат сұраймыз. Осы балалар бізге балабақшаға келеді, бірақ коммерциялық топқа барады, онда ата-аналар толық соманы өздері төлейді. Былтыр 3-6 жасар балаларға бөлінген қаражат үнемделді, шамамен 369 млн теңге үнемделді. Біз осы қаражатты 2-жасар балаларға қайта бөлуді сұраймыз», – деді спикер.    

Жекеменшік балабақашлардың иелері 1-3 жас аралығындағы балаларға біліктілігі жоғары білім беру сұранысының артып келе  жатқанын айтуда. Ата-аналар балаларын үйде немесе коммерциялық мекемелерге беруге мәжбүр. Ондай-ақ олар жекеменшік балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиелеушілердің еңбекақысына қатысты мәселені көтерді. Тәрбилеушілер мемлекеттік балабақшаларға кетіп жатыр, онда еңбекақы көтерілген.

«Қазіргі таңда педагог мәртебесі туралы заң қабылданды, бірақ ол тәрбилеушілерге қолданылмады... былтыр республикалық бюджетттен мемлекеттік балабақшаларға жекелеген траншпен еңбекақыға қаржы бөлінді, сондай-ақ 2020 жылдың қаңтарында бөлек трансфермен ақша бөлінді. Біз тәрбиелеушілерді әрең ұстап қалдық, жекеменшік балабақшалардан тәрбиелеушілер кетіп жатыр, өйткені әлеуметтік пакет және шипашайлық емдеу қарастырылмаған», – деді Айшат Вагапова.

Спикердің айтуынша мемлекеттік мекемелердегі еңбекақы 25%-ға артқан, нәтижесінде жекеменшік балабақшалардағы еңбекақы бәсекеге қабілетсіз болып қалды.

 «Мемлекеттік балабақшаларда жал құны жоқ, несие жоқ, ал кәсіпкерлеріміз бүгінде 80% жалдамалы ғимараттарда жұмыс істейді, несие төлейді. Бүгінгі проблема – педагогтарымыз бен тәрбиелеушілеріміз бізден кетіп жатыр», – деді спикер.

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Гүлжан Айтжанова әкімдік 3-6 жастағы балаларға дотация бөлуге басымдық бергенін растады. Алайда биылдан бастап жаңа бағдарламаға сәйкес мемлекеттік дотацияны беруге байқау балалардың жас ерекшелігіне негізделмейді.

 Өз кезегінде «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Мадина Алпысбаева қолданыстағы есептеу әдістемесіне сәйкес жекеменшік балабақшалар дотация сомасы қайда жұмсалып жатқанын анықтауға құқылы. Бұдан бөлек, әкімдік сәйкес есептеулерді жүргізген соң ата-аналар төлемінің мөлшерін жоғарылатуға құқылы.

 «8-тармаққа сәйкес, егер қосымша қаражат қажеттігі бойынша есеп болса, онда бұл нормативті жоғарылатуға болады. Оның барлығын жергілікті атқарушы орган шешеді», – деді ол.

 Мадина Алпысбаева сонымен қатар Қаржы орталығы жалақы өсуін, мұғалімдерге 56 күндік демалысты төлеуді және басқа да аспектілерді ескеретін жеке балабақшаларға субсидиялауды есептеу үшін жаңа әдістеме әзірлегенін айтты. Қазір бұл құжат мүдделі ведомстволардың келісуінде жатыр. Егер мақұлданса, жеке балабақшаларды қаржыландыру жан басына шаққанда шамамен 30%-ға артады.

Жиынды қорытындылай келе, Ирак Елекеев Кеңес атынан әкімдік және прокуратураға, сонымен қатар, ҚР БҒМ-ға орын алған мәселені шешу өтінішпен хат жолданатынын айтты. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер