«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ертіс ауданында кәсіпкер әйел бизнес жүргізуге жер телімін ала алмай жүр

2020 жылғы 31 Қаңтар
- Павлодар облысы
6452 просмотров

Бұл жылжымалы дүңгіршекке арналған 10 шаршы метрге қатысты мәселе, осы бизнес түрі жергілікті атқарушы органдардың көңілінен шықпады

2018 жылы Жанар Смайылова Ертіс аудандық өкілетті органға жер телімін беру бойынша өтініш берді. Бұл жерде жоспар бойынша нан-тоқаш өнімдерін сататын дүңгіршек болуы тиіс. Мұндай жоба ауыл тұрғындарына қажетті, демек мемлекеттік органдар тарапынан қолдау алуы керек еді. Алайда, шенеуніктер басқаша ойлап, бұл өтінішті бойынша Ертіс ауданы жер комиссиясынан жер аукцион арқылы бөлінеді деген желеумен жер бөлуден бас тартты.

«Барлығы дұрыс» – деп айтасыздар, «жер заңнамалық процедураларға сәйкес берілуі керек». Бірақ бұл ой қате. Бас тартудың негізгі себебі Ертіс ауданының әкімдігінде сауда-саттық жүргізуге қаражат жоқ. Аталған мәселені шешу мақсатында кәсіпкер «Атамекен» көмегіне жүгінді. Бұл мәселе 2020 жылы жүргізілген Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды.

 «Кәсіпкердің уәкілетті мемлекеттік органнан, Ертіс ауданының әкімдігінен алған жауабына қатысты 2019 жылдың қазан айында мемлекет меншігіндегі жерді жалға алу құқығын сату аукционы жоспарланған болатын. Бұдан бөлек мемлекеттік орган жер орналастыру жобаларын әзірлеуге байқау жарияланатынын, соның ішінде нан-тоқаш өнімдері сату бойынша  жылжымалы дүңгіршек орналастыруға жер жобасы әзірленетінін хабарлаған. Алайда шенеуніктердің уәдесіне қарамастан баяғы жартас сол жартас. 2020 жылдың қаңтардағы ахуалына сәйкес жер беру мәселесі әлі шешілмеген күйі қалған», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Сейфолла Қасымқанов. 

Жанар Смайылованың айтуынша, жылжымалы дүңгіршек ашу үшін дайындау мен жабдыққа жеке қаражат жұмсалған, ал өз бизнес-жобасына қолдау шенеуніктер тарапынан көрсетілмеген. Осы ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша Павлодар облысындағы бірнеше аудандарда бизнесті жүргізу жеңілдігінің деңгейі төмендігі анықталды, осы аудандар арасында Ертіс ауданы да бар.

 Кеңес мүшелері мемлекеттік органдар тарапынан мұндай дөрекі қарым-қатынас дұрыс емес деген ортақ пікірге келді. Сондықтан осы мәселе бойынша бизнес жүргізуге кедергі келтірген адамдарға қатысты шаралар қолдану және кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында тексеру жүргізу үшін Павлодар облысы Прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көмегіне жүгіну бойынша шешім қабылданды.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер