Заңнама бизнеске жасалған қысым үшін әділ жазалауға жол бермейді
Дәл осындай жағдайға теміртаулық «АлбаСтройДор» ЖШС компаниясы тап болды. Компания 6 ай бойы сот органдарында мемлекеттік қызметкерлер әрекетінінің заңсыздығын дәлелдеп келді
2019 жылдың наурыз айында Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті «АлбаСтройДор» ЖШС-нда жарамдылық мерзімі аяқталған (1989, 1981, 1990 жылы шығарылған) жүк көтергіш механизмдерді тексеруді қарастырған, бірақ 11-15 наурыз аралығында тексеру жүргізген Департамент мамандары В.В. Гуляев, Р.Б. Әбсәләмов, А.А.Матвиенко және Е.Б.Смайылов жүк көтергіш маханизмдерінен бөлек, қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздікке заңсыз тексеру жүргізген, аталған аймақты тексеру жоспарында болмаған, тексеруге нысанына кірмеген.
Тексеру нәтижесінде өкілетті тұлғалар тексеру нәтижесі туралы актіны жазып, бұзушылықтарды алып тастау туралы ұйығарым шығарды.
«Ұйғарымның 1-тармағына сәйкес ЖШС-да кәсіби апаттық-құтқару қызметтермен жасалған келісімшарт немесе қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін өзінің жеке кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған; ұйғарымның 2-тармағы бойынша апатты алдын алу жоспары ұйым жетекшісімен бекітілген, бірақ кәсіби апаттық-құтқару қызмет ұйымымен мақұлданбаған; ұйғарымның 3-тармағы бойынша әзірленген технологиялық регламенттер болмаған; ұйғарымның 4-тармағы бойынша жүк көтергіш механизм паспорттарында жауапты тұлғаларды тағайындау туралы тиісті жазбалар болмаған», – делінген ұйығарымда.
Мұнымен келіспеген кәсіпкерлер тексеру қорытындысына қатысты қарағанды облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шағымданды, өз кезегінде сот «АлбаСтройДор» ЖШС талап арызын ішінара қанағаттандырды. Сот ұйығарымның 1 және 2 тармақтарын заңсыз екенін растады. Ұйғарымның басқа бөлігі және шығындардың өтеу – шешімсіз қалды.
Облыстық сот 2019 жылдың 22 қазанындағы қаулысында бірінші инстанциядағы соттың шенеуніктердің қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік тексеруін жүргізу жөніндегі әрекеттерінің заңсыздығы туралы шешімінің заңдылығын растады (бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды).
Алайда кәсіпкерлердің құқығын бұзған өкілетті тұлғалар іс жүзінде ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ, өйткені сот даулары өткен уақытта тәртіптік жаза қолдану және әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімдері аяқталып кетті.
«Атамекен» ҚР ҰКП мамандары осындай мәселенің орын алуы кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында заңнаманы теориялық әзірлемелер, құқық қолдану практикасы және шетелдік тәжірибені есепке алып, жетілдіру қажеттілігін көрсетіп тұрағынын атап өтуде.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 02 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауында: «бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс. Осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет» делінген.
Кәсіпкерлер өздерін қорғауда сезінуі үшін мемлекеттік қызметкерлердің бизнес қызметіне араласқаны үшін жауапкершілік жүйесін жан-жақты қарастырып, азаматтар мен заңды тұлғалар, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуды алдын алудың тиімді механизмдерін қабылдау қажет.
Кәсіпкерлік кодексті жүзеге асыру кезеңінде жүргізілетін тексерулер саны айтарлықтай азайтылды, бизнестен сұралатын ақпараттық құралдар саны қысқартылды, реттеушілік әсер талдауын енгізу арқылы кәсіпкерлік субъектілері бірқатар негізсіз талаптардан қорғалған.
Бұдан бөлек, Кәсіпкерлік кодексте бизнестің барлық салаларына дерлік тексеру жүргізудің негіздемелері мен нақты алгортимі жазылған. Осы ретте шенеуніктер тексеру жүргізу незідемесіне қатысты Кодекс нормаларын бұзу фактілеріне әлі де жол беруде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: