«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнестің 742 млн теңгеге мүліктік құқығын сақтап қалды

2020 жылғы 05 Қаңтар
- Жамбыл облысы
6427 просмотров

2019 жылы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінен бизнесті қорғау бойынша 272 өтінім келіп түсті, соның ішінде 52 өтінім мәселесі оң шешілді

«Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруда қолайлы құқықтық жағдай жасау. Жұмыс істеу уақытанда біз бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қамтамасыз етуді жүзеге асырамыз, заңнаманы жетілдіру процесіне белсенді қатысамыз, Палата сарапшылары кәсіпкерлердің мүдделерін соттарда қорғайды және барлық өкілдік қызметтер тегін көрсетіледі. Өткен кезең ішінде Палата өкілдері 27 сот процесіне қатысты, соның ішінде 16 іс  кәсіпкерлер пайдасына шешілді. Палатаның құқықтық блогы мәселелерді сотқа жеткізбей шешуге тырысады, мұндай жағдайда арбитр міндетін атқарамыз. Осылайша былтыр Кәсіпкерлер палатасына 272 өтінім келіп түсті, соның ішінде 52 мәселе оң шешілді. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 742 млн теңгені құрайды», – деді Жамбыл облысы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ирина Ким.

Келіп түскен өтінімдер арасында жер қатынастары, мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне, сатып алуларға шағымдар және салықтық мәселелер көш бастап тұр.

 Бизнесті қорғау саласында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің жұмысы тиімді. Кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мәселелерді жедел және жүйелі түрде шешу, сондай-ақ Жамбыл облысында бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін жариялау мақсатында құрылды. Былтыр  Кеңестің 8 отырысы өтті, онда 12 түйткілді мәселе қаралды, атап айтқанда «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру бойынша байқау жүргізу заңдылығы, «Qoldau» инвестициялық субсидиялауға өтінімдер бойынша негізсіз бас тарту, Тараз қаласы бойынша қызыл жолақта орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды сүру, үй малын және мүлікті ұрлау мәселелерін қарау және талқылау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қарау және талқылау.

Кеңесте көтерілген 6 мәселе оң шешілді. Мәселен, Б.Сегізбаевтың өтінімі бойынша  Кеңестің шешімімен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне инфрақұрылым нысаны орналасқан коммуналдық меншіктегі жер учаскесін шаруашылық жүргізуші субъектінің тегін беру шарттарымен кәсіпкерлердің жобаларын қарау туралы ұсыныс жіберілді. Өңірлік үйлестіру кеңестің шешімімен Б.Сегізбаевтың электр тізбегін жүргізу және трансформаторлық қосалқы станция салу бойынша өтінімі оң шешілді.

Сондай-ақ «Бейсеубаева Ж» жеке кәсіпкерлігінің Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына өтініміне сәйкес «Тараз қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құру бөлімі» кәсіпкерден қызыл жолақта салынған «АЛКОЦОН» сауда орнын сүруді талап еткен. Аталған өтінім шеңберінде Палата талап арызға қарсы наразылық беру жобасын дайындап, кәсіпкердің 77 млн теңге сомасында мүддесі қорғалды. 2018-19 жылдар аралығында Жамбыл облысы ӨКП бизнестің 26 жүйелі мәселесін анықтады, соның ішінде 17 мәселе республикалық деңгейде.

  «Жер телімін коммерциялық мақсаттарға алу немесе сатып алу кәсіпкерлердің маңызды мәселелерінің бірі. 2019 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандандырылған ұйымы мемлекеттік мүлік тізілімінің қолданыстағы веб-порталымен электрондық сауда-саттық арқылы жер учаскесін беру туралы бастама көтерді. Осылайша 2019 жылдың 18 желтоқсанында Тараз қаласында алғаш рет электронды сауда-саттық өтті, онда сатылымға ауданы 0,4351 га 5 жер телімі қойылды», – деді спикер.

 Сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасы Облыстық сот, Облыстық прокуратура және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жасалған жол карталары бойынша жұмысты жүргізуде. Жауапты басшылардың қатысуымен Палата алаңында іс-шаралар жоспарын тиімді және уақтылы орындау мақсатында Жол картасының орындалуы талқылануда. Екіжақты келісімдер аясында сот практикасына ұдайы мониторинг жүргізіледі, заңнамалар талданады және заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасалады, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың және бизнесті дамытудың тиімді механизмдерін қолға алу, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) анықтау және жолын кесу жүзеге асырылады.

 Жамбыл облысы ӨКП-ның заңнаманы жетілдіруге қатысуы құралдарының бірі – заң жобалары тұжырымдамасы мен кәсіпкерліктің мүдделеріне әсер ететін барлық нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар беру болып табылады. 2019 жыл ішінде сараптамалық қорытынды алуға 157 НҚА жобасы келіп түсті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер