«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» IOSA қауіпсіздік стандарттарының енгізілуіне қолдау білдірген

2019 жылғы 27 Желтоқсан
8744 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы IOSA (авиакомпаниялардың өндірістік қауіпсіздігі сертификаты) қауіпсіздік сертификаты талаптарының ұлттық қағидалар немесе авиациялық стандарттар түрінде енгізілуін қолдаған болатын. Осы ретте IOSA (Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) қауіпсіздік бойынша аудиты) талаптары мемлекетте бар бақылау мен қадағалауды алмастырмайды, тек толықтырады.

 Бүгін, 27 желтоқсанда отандастарымыздың өмірін қиған трагедия орын алды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұжымы бүкіл халықпен бірге BekAir авиакомпаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100 рейсінде болған әуе апаты құрбандарының қазасына қайғырып, туған-туыстарына көңіл айтады. Осы трагедияда зардап шеккен жолаушылар тез әрі толық сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін апат салдарына жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Тергеу нәтижесін күтіп, «Атамекен» ҰКП өз тарапынан орын алған ситуацияны мән-жайын егжей-тегжейлі анықтап алу мақсатында оқиғалардың бүкіл хоронологиясын көтерді.

 BekAir авиакомпаниясы бизнес субъектісі ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болып табылады. 2015 жылы авиатасымалдаушы компанияға ішкі тұрақты коммерциялық әуе тасымалдауларын орындауға рұқсат беру қағидалары жөніндегі мәселемен Ұлттық палата көмегіне жүгінген болатын.

Ұлттық палата BekAir-ге Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) IOSA сертификатының болуына қатысты талап ұлттық заңнама талаптарына қайшы келмейтінін, яғни заңды екені туралы ресми жауап берді.

BekAir Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Азаматтық авиация жөнінде қосалқы комитеттің мүшесі ретінде 2016 жылдың 12 қаңтарында аталған мәселені қосалқы комитеттің отырысында көтерді. Талқылауға бизнес өкілдері – Эйр Астана, SCAT және Qazaq Air авиакомпаниялары, сондай-ақ мемлекеттік органдар – Азаматтық авиация комитеті, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері қатысты.

 ҰКП Азаматтық авиация жөніндегі қосалқы комитет IOSA сертификаты бойынша талаптарды алып тастау мәселесін талқылаған жоқ, өйткені бұл мәселе ұшу қауіпсіздігі мен жолаушылар өміріне қатысты. Қосалқы комитеттің мүшелері және мемлекеттік органдар: сертификатты алуға 1 жыл мерзімге өтпелі кезең беру туралы ортақ шешімге келген болатын. Бұл өтпелі кезең 2017 жылы аяқталды.

Бұдан бөлек, ҰКП қосылқы комитеті Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан территориясында IOSA аудиты стандарттарын қолдану үшін заңға сәйкес өзгерістерді қабылдауды ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы IOSA талаптарын азаматтық авиация саласында ұлттық қағидалар немесе авиациялық стандарттар түрінде өзектендіруді ұсынған болатын, мұндай шара аталған ұйымның талаптарын орындауды міндеттеуге мүмкіндік берер еді.  

Дегенмен, қазіргі таңда ҚР ұлттық заңнамасында IOSA сертификатының болуы бойынша талаптар жоқ. Бұл ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің мына позициясымен байланысты: «Аталған талап анағұрлым ірі авиакомпаниялар үшін өзекті. Ішкі әуе тасымалдарын төмен бағада жүзеге асыратын бюджеті төмен өңірлік компанияларға осы аудиттан өту белгілі бір қиындықтар тудыратынын ескерсек, бұл компаниялар нарықтан кетсе, нарықтың монополиялануы және тарифтер өсуіне әкеп соғады деп санаймыз».

Трагедия себебі анықталмағанша адамдар қазасына кінәлілер туралы тұжырым жасау дұрыс емес деген ойдамыз. Тергеу нәтижесі жариялағанша ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыс-туғандары мен  зардап шеккендерге жұмылып көмек беру парызымыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер