«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық органы 16 объектінің іске қосылуына кедергі келтірген

2019 жылғы 26 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
11126 просмотров

«SHEGEN» сауда үйі» ЖШС басқа кәсіпкерлермен қатар салық органынан «электронды шот-фактурада көрсетілген қаржы-шаруашылық операциялар орындалуының төмен ықтималдығы туралы» хабарлама алған

Бұл не деген сөз? Демек, салық органы кәсіпкердің адалдығына күмән келтіріп отыр. Нәтижесінде фискалды орган жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін шектеген. Бұл Салық кодексінің 68-бабында жаңа 1-1-тармақшасы арқылы мүмкін болды, онда: салықтық әкімшіліктендіруді модернизациялау мен жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшіліктендіру және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындаудың басқа тәртібін қарастыратын пилоттық жобаларды орындауды (енгізу) іске асыруға құқылы» делінген. Енді «бұғатталған» кәсіпорынға – ісін адал жүргізетін салық төлеуші электронды шот-фактураны жазу мүмкіндігінен айырылады.  

Компания Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Палата сарапшысы Майя Исаева проблеманы егжей-тегжейлі зерттеп, салық органының іс-әрекеті заңсыз деген шешімге келеді.

 «SHEGEN» сауда үйі» ЖШС – Шымкентте жиһаз шығаратын ірі отандық өндіруші. Хабарлама алған соң компания өз адалдығының дәлелі ретінде салық органына барлық шот-фактураларды және ашық қызметті көрсететін басқа да құжаттарды жіберген. Бірақ, бұған қарамастан салық органы ЭШФ-ға бұғатты шешкен жоқ. Нәтижесінде 16 объектіге жабдық жеткізу бойынша міндеттемелер орындалмау қаупіне түсті, олардың қатарында – мектеп, балалар алаңдары, дәрігерлік амбулаториялар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, сонымен қатар балабақшаларды жөндеу жұмыстары мен аулалары абаттандыру бар. Яғни, барлық объектілерді іске асыру тоқтап қалды!», – деп атап өтті Майя Исаева.

Кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының Қаратау аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің басқармасына оның  «SHEGEN» сауда үйі» ЖШС-на қарасты заңсыз әрекетін нұсқап, сұратым жіберді – салық төлеуші салық органының талабын орындаса да ЭШФ ақпараттық жүйесін қолдануға рұқсат алмай отыр, осылайша компания қызметі және 16 объектінің іске қосылауы тежеліп қалды.

 Палата араласуынан кейін өкілетті орган шектеуді алып тастады. Бірақ фискалды органдардың қате әрекеттері үшін осындай хат алған әр кәсіпкерге мәселені Палата арқылы шешу керек пе деген орынды сұрақ туады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер