«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-демократия: Алматыда кәсіпкерлердің алғашқы сайлауы қалай өтеді?

2019 жылғы 08 Қараша
- Алматы қаласы
5084 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне сайлау айналысындағы қарбаластың себебін Кеңестің төрағасы Юрий Тілеумұратов түсіндірді

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне алғашқы сайлау оңтүстік астандағы бизнес өкілдерін дүрліктірді. Мүшелікке сайлануға өтінім қабылдау басталғанын хабарлағаннан бастап бірнеше ондаған кәсіпкер Өңірлік кеңестің мүшелігіне қатысуға, сонымен қатар бақылау комиссияға араласуға ынта білдірді.

«Қазақстанда алғаш рет, Палата тарихында бірінші Алматы қаласы Өңірлік кеңесіне сайлау жүргізіледі. Әзірге Алматыда ғана. Бұл «Атамекен» ҰКП-ның демократиялануының бірінші кезеңі ретінде болмақ.

Барлығы 30 орын, бұл орындарға қаламыздағы салалардың үздік өкілдері сайланып, өз ұжымдастарының, тіпті бәсекелестердің қолдауын алып, Алматы ӨКП қызметінің стратегиясын анықтайды, қаланың кәсіпкерлік қауымдастығының мұң-мұқтажын мен мүддесін Әкімдікте немесе Салық департаментінде, Ішкі істер басқармасында және басқа да алаңдарда белсенді қорғайды деп сенемін.

 Өз басым бұл процеске Сайлау комиссиясы мүшесі ретінде қатысамын – кәсіпкерлер өз ұйымын құруда саяси мәдениеттің жаңа деңгейін бүкіл қоғамға  ашық демократиялық сайлаудың үлгісін көрсетуі тиіс», – деп пікірін білдірді кәсіпкер, Сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Стамбеков әлеуметтік желіде.

 Желідегі мұндай белсенділік жекелей емес. Өңірлк кеңеске сайлау алғаш рет жүргізіліп жатқаннан бөлек, сайлау алды және сайлаудан кейінгі процестер автоматтандырылатын болады. Яғни қатысуға өтінімдер онлайн қабылданады, ал дауыс беру vote.atameken.kz сайтында жүргізіледі.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңеске тікелей сайлауды алғаш рет жүргізіп жатыр, оның дәл Алматыда – Қазақстанның бизнес-ордасында болуы да кездейсоқ емес. Критерийлерге сәйкес келетін кез келген кәсіпкер өз кандидатурасын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде бере алады, онда жексенбі күннен басқа күндері іріктеу комиссиясы жұмыс істейді. Барлығы Өңірлік кеңеске 30 адам сайланады. Олар кімдер болмақ? Оны бизнес шешеді – 25 қарашада vote.atameken.kz сайтында ұнаған кандидатқа онлайн дауыс беруге болады, Палата кеңсесінде, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді орталықтарында офлайн дауыс беру де қарастырылған. Қала бойынша мұндай 12 орталық бар», – деді Өңірлік кеңестің төрағасы Юрий Тілеумұратов.

 Бизнесмендерден алғашқы өтінімдер келіп түсуде. Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева жақын күндері өз кандидатурасына құжаттар ұсынып, өтінім қалдырды.

 «Осыған дейін мен өңірлік кеңестің мүшесі болдым, бұл алаң – кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын бизнестің жүйелі мәселелерін шешудің тиімді алаңы», – деді ол.

«Еегер сіз кәсіпкер немесе бизнес саласындағы қоғам қайраткері болсаңыз, егер қаланың бизнес-ортасын жақсартуда айтарыңыз бар болса, егер қоғамдық жұмысқа араласқыңыз келсе, егер сізге бизнестің, демек бүікл елдің  болашағы алаңдатса, онда сайлауға қатыса аласыз», – деді Юрий Тілеумұратов.

 Естеріңізге салсақ, 1 қарашада Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне өтінім қабылдау басталды. Кандидаттар өтінімдерді сайттан жолдай  алады.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі – Палатаның бақылаушы органы, мәселен, Палата дирекциясы мүшелерінің кандидатураларын бекітеді, ағымдағы бизнес мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді, Кәсіпкерлер палатасының жұмыс жоспарын бекітеді және тағы басқа қызметтерді атқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер