«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің 208 млн.теңгесін сақтап қала алды

2019 жылғы 21 Қазан
- Қызылорда облысы
1940 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткізілген баспасөз-мәслихатында айтты.

Шарада Палата директоры кәсіпкерлердің құқығының қорғалу барысына тоқталды.

 Палата құрылған сәттен, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1481  өтініш түскен.

Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің  42 пайызында оң шешімге қол жеткізе алды.  50 астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылса, оның 11 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Сонымен қатар, Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд. 136 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Аталған сома күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б.  құралып отыр.

Баспасөз мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов: «Ағымдағы жылдың 9 айының көрсеткіштеріне тоқталып өтер болсақ, кәсіпкерлерден құқықтарын қорғау бойынша Палатаға  222  өтініш түсіп, оның 72-сі немесе 32  пайызы оң шешілді. Нәтижесінде бизнес өкілдері 208 млн.теңгеден астам  қаржысын сақтап қала алды. Оның ішінде қаржының 73 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 пайызы шағын бизнестікі», - деді.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының басшысы жүргізген жұмыстарға анализ жасау барысында 2015 жылмен салыстырғанда 2018 жылы кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі жасаған мемлекеттік қызметкерлердің саны 3,8 есе артқандығын ортаға салды. 2015 жылы кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі жасаған 5 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2018 жылдың қорытындысымен 19 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Ал осы жылдың 9 айында облыстың 8 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған.

Палата басшысы кәсіпкерлердің жұмыс жүргізуі барысында әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес өкілдерін құқықтық қолдау бағытында қабылданған шараларға да тоқталды.

Бұл шаралардың ішінде осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімімен бірге қабылдаған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасын атап өтті.

Бұдан әрі Палата басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жан-жақты жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер