«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда жылдам тамақтану желісінің иесі жаңа жобаларды қолға алды

2019 жылғы 05 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5616 просмотров

 Кәсіпкерлер бизнеске де, сондай-ақ қала тұрғындарына пайдалы болатын жобаларды ұсынып жатқаны қуантады

 Мәселен, Павлодарда жайлылығы жоғары аялдамаларды «Burжуй» жылдам тамақтану желілерінің жетекшісі өз қаражатына орнатып жатыр. Қыс мезгілінде бұл аялдамаларда жылы, ал жазда салқын. Сондықтан тұрғындар кез келген уақытта өзіне қажетті қоғамдық көлікті жайлы жағдайда күте алады. Кәсіпкер тағы бірнеше аялдама орнатпақ. Ол үшін кәсіпкер Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінді.

 «Қаламызда жуырда Инвестор үйі ашылды. Кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы. Мында бизнес секторды дамытуға мүдделі барлық ұйымдар шоғырланған. Міне мен де өзімнің инвестициялық жобамды ұсынғым келеді. Жоспарым қоғамдық көліктің жайлы аялдамаларын орнату. Бұл іс барлық тараптарға пайдалы болады деген сенімдемін», – дейді кәсіпкер Алексей Мазур.    

Кәсіпкер «Атамекен» палатасына алғашқы рет жүгінген.

 «Бизнесті жүзеге асыруда және түйткілді мәселелерді шешуде Палатада айтарлықтай көмек көрсетіледі. Шенеуніктермен түсініспеушілік болды. Осындай бірқатар түйткілдер «Атамекен» қатысуымен шешілді. Бұдан бөлек Палата сарапшылары мені кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырды, оған 15-тен астам бизнес өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.Дөңгелек үстел өнімді өтті, көп мәселелер шешіліп, құрылымды ұсыныстар айтылып, жүзеге асырылуда», – деді Алексей Мазур.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер